Қазан, 2018
 
  • Пн
  • Вт
  • Ср
  • Чт
  • Пт
  • Сб
  • Вс
 
 
Тарату
Жаңартуларды апта сайын Сіздің e-mail арқылы алатын боласыз

Құрметті Клиенттер!

«AsiaCreditBank (АзияКредит Банк)» АҚ-тың ұзақ мерзімді

және қысқа мерзімді кредит рейтингін «B-/B» деңгейінде расталды

 

 

2018 жылғы 5 маусымда S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі (бұдан ары – Агенттік) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-тың (бұдан ары – Банк) ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингін       «B-/B» деңгейінде растады.  

 

Сонымен қатар Банктің рейтингтері бойынша болжам «Тұрақтыдан» «Жағымсыз» деңгейге дейін қайта қаралды. Агенттікте былай деп түсіндірді:  «Болжамды қайта қарау нарық жағдайының тұрақтылығы туралы алаңдаушылығымызға байланысты. Біздің ойымызша, нарық қатысушыларының Қазақстандағы шағын және орта банктерге деген сенімі президенттің 2018 жылғы сәуірде қазақстандық үш шағын  қаржылық ұйымның қаржы жағдайына қатысты алаңдаушылық білдіргенінен кейін төмендей бастады».

 

Агенттік, сондай-ақ, егер нарықтың позициясы тұрақтандырылса және Банк ағымдағы экономикалық ортада бұрын бекітілген даму стратегиясының нәтижелерін алса, Банк рейтингі бойынша болжамды «Тұрақты» деңгейге дейін қайта қарауға дайын екендігін мәлімдеді.

 

Банк, сондай-ақ жаңадан әзірленген қалыпты-тұрақты даму стратегиясы қызметтің көрсеткіштерін ай сайын жақсартуға мүмкіндік беретінін растайды. Осылайша:  

·         Қаңтар-мамырда Банктің меншікті капиталы 3% өсті; 

·         Ағымдағы өтімділік коэффициенті ең төменгі талап етілетін мәннен 2 есе  артып, мамыр айының басында 0,852 болды (ең төменгі мәні 0,3); 

·         S & P агенттігінің рейтингті соңғы растаған күнінен бастап (2018 жылғы ақпан), капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері жақсарып, мамырдың басында k1 = 17,4%; k1-2 = 17,4%; k2 = 16,7% құрады;   

·         Банктің балансында маусым айының басында жоғары өтімді активтердің үлесі 21%  құрады. 

 

 

 

Құрметпен,

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ баспасөз қызметі

 
Жарияланым күні: 08.06.2018

Сонымен қатар оқыңыз

Құрметті Клиенттер!

Настоящим сообщаем Вам, о том, что в связи с техническими работами, проводимыми АО "Народный Банк Казахстана", временно недоступно проведение интернет-операций с использованием платежных карточек Банка... 15.10.2018

Құрметті Клиенттер!

Сіз(дер)ге тарифтік жинақтарына өзгерістер енгізілгені жайында хабарлаймыз: Қызмет түрлері: 2. 2.4. 2.3.т. сай Зейнетақылық жарналар,... 12.10.2018
 



 
Біз Қазақстандамыз