Тамыз, 2018
 
  • Пн
  • Вт
  • Ср
  • Чт
  • Пт
  • Сб
  • Вс
 
 

Эквайринг

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Сіздің ұйымға тауарлар мен қызметтерге төлем жасау үшін Visa International, MasterCard International, Altyn және China Union Pay халықаралық және жергілікті төлем жүйелерінің төлем карталарын қабылдау бойынша «Эквайринг» қызметін ұсынады.


Аталған қызметті пайдалану Сізге өзіңіздің сауда жасайтын және қызметтер көрсететін кәсіпорындарыңызға қосымша клиенттерді тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Сізге бәсекелестердің алдында бірқатар артықшылықтар береді:


  • жаңа сатып алушыларды тарту есебінен Сіздің кәсіпорныңыздың бәсекелесу қабілетін арттыру және сауда айналымдарын ұлғайту;
  • клиенттерге қызмет көрсеткен кезде Сіздің уақытыңызды үнемдеу, өйткені төлем кәртішкелері бойынша есеп айырысу жылдамдығы 10 секундтан аспайды (сапалы байланыс арнасы болған жағдайда), бұл қолма-қол ақша қаражатымен есеп айырысуға қарағанда әлдеқайда жылдамырақ;
  • сатып алушылардың уақытын үнемдеу, өйткені оларға сатып алу үшін қажетті қолма-қол ақша сомасын есептеуге уақыт кетірудің қажеті жоқ, және сатып алушылар үшін қауіпсіз, өйткені ақша қаражатын жоғалту, ұрлату ықтималдығы немесе Сіздің сатып алушыңыздың жалған ақша алу ықтималдығы жоққа шығарылады;
  • қолма-қол ақшаны инкассациялау мен сақтауға жұмсалатын шығынның азаюы;
  • Сіздің сауда жасайтын және қызметтер көрсететін кәсіпорындарыңыздың жұмыскерлерін оқып-үйретуді, жабдықты орнатуды Банк ақысыз іске асырады;
  • Банкте шотты жүргізу үшін комиссия алынбайды, төлем кәртішкелері бойынша қызмет көрсету үшін комиссия – 3%;


Шарттарды жасасу мәселелері бойынша Банктің бөлімшелеріне хабарласуды сұраймыз.


Кәсіпорын және сервистердің тізімі 





 
Біз Қазақстандамыз