Главная Жалпы талаптары
 


Шілде, 2019
 
  • Пн
  • Вт
  • Ср
  • Чт
  • Пт
  • Сб
  • Вс
 
 

Жалпы талаптары

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ бөлшек кредит беру өнімдері бойынша (қосылу шарты талаптарында) банктік қарыз шартының жалпы (Үлгілік) талаптары


«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Банктік қарыз шартының осы жалпы (Үлгілік) талаптарында (қосылу шартының талаптарындағы)  (бұдан әрі – Банктік қарыз шарты) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-та (бұдан әрі – Банк) Банктің анықтаған және  http://www.asiacreditbank.kz/p/general_terms/kz.html электронды мекенжай бойынша, сондай-ақ  12.01.2018 ж. №3 Юридическая газета мен ЗАҢ газетінде, 04.05.2018 ж.  № 34 (3233) Юридическая газета мен 04.05.2018 ж. № 34 (3059) Заң газетінде жарияланған өзгерістермен және толықтырулармен (Юридическая газеті апталық тиражы 11 518 дана, ЗАҢ газеті – 11 716 дана), 19.10.2018 ж.  № 81 Юридическая газета мен 19.10.2018 ж. № 81 Заң газетінде жарияланған өзгерістермен және толықтырулармен (Юридическая газеті апталық тиражы 11 000 дана, ЗАҢ газеті – 11 000 дана), 12.02.2019 ж.  № 11 Юридическая газета мен 12.02.2019 ж. № 11 Заң газетінде жарияланған өзгерістермен және толықтырулармен (Юридическая газеті апталық тиражы 10 290 дана, ЗАҢ газеті – 10 910 дана) жарияланған жеке тұлғаларға банктік қарыздар ұсыну талаптарын екінші тарап (Қарыз алушы және Қосалқы қарыз алушы) оның шарттарына тұтас қосылу сияқты қабылдауы мүмкін. Банктік қарыз шартының талаптары оған қосылған барлық Қарыз алушылар мен Қосалқы қарыз алушылар үшін жалпыға міндетті болып табылады.

 Қарыз алушы мен Қосалқы қарыз алушының Банктік қарыз шартының (Банктік қарыз шартына қосылу) талаптарын қабылдауы Қарыз алушы мен Қосалқы қарыз алушының осы Шартқа қосылу туралы қағаз тасымалдағыштағы Банктік қарыз шартына (ары қарай – Шарт) қол қоюы арқылы көрініс табады. Банктің, Қарыз алушының және Қосалқы қарыз алушының арасында Шарт жасалған күннен бастап Қарыз алушы мен Қосалқы қарыз алушы Банктік қарыз шартының, сондай-ақ Шарттың талаптарын сөзсіз қабылдай отырып, Банктік қарыз шартының талаптарына толық көлемде қосылады.

Банктік қарыз шарты, Шарт, сондай-ақ Шартқа қосымшалар мен толықтырулар бір-бірінің ажырамас бөліктері болып табылады, өз алдына бірегей құқықтық құжатты білдіреді, онымен Банк, Қарыз алушы және Қосалқы қарыз алушы сөзсіз және қайтарымсыз келіседі және Шарт (Банктік қарыз шартына қосылу) жасасқан кезде де, сондай-ақ болашақта олар бойынша өздеріне қабылдаған міндеттерді растайды.

 Осы Банктік қарыз шартын жасаған күн   Шартты жасаған күн болып табылады.

Қосалқы қарыз алушыны тартқан жағдайда, Тараптар Қарыз алушы мен Қосалқы қарыз алушының осы Банктік қарыз шартында бірлесіп «Қарыз алушы» деп аталатын бір тарапты білдіреді деп; барлық міндеттер, сондай-ақ осы Банктік қарыз шарты мен Шарттың басқа талаптары  Қарыз алушы мен Қосалқы қарыз алушыға бірдей деңгейде қатысты деп келісті. Қарыз алушы мен Қосалқы қарыз алушы Банктік қарыз шарты мен Шарт бойынша талаптарды бірдей орындайды және міндеттерді мойнына алады.


1. БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ

1.1. Банк Қарыз алушыға   Шартта белгіленген  мақсаттарға мерзімділік, ақылы, қамтамасыздық және қайтару талаптарында, банктік қарыз (бұдан әрі - Қарыз)   береді.

1.2. Қарыз сомасы Шартта белгіленеді. 

1.3. Қарыз мерзімі Шартта белгіленеді. 

1.4. Қарыз сомасы Қарыз алушының Шартта көрсетілген шотына (бұдан әрі - Шот) есепке жатқызылады. 

 

2. СЫЙАҚЫ

2.1.Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы тұрақты және номиналды түрде болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 «Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі  сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №7663  тіркелген) Шартта анықталады. 

 2.2. Сыйақы сомасы Қарызды  пайдаланған нақты күнтізбелік күндердің нақты санының негізінде есептеледі. Бұл ретте сыйақы сомасын есептеген кезде айдағы күндер саны 30 (отыз) күнге тең, ал жылдағы күндер саны – 360 (үш жүз алпыс) күнге тең деп алынады. Сыйақы Қарыз берілген күннен кейінгі   күнтізбелік күннен басталатын және қоса алғанда Қарыз  бойынша негізгі борыш сомасы толық көлемде өтелген күнге дейінгі кезеңге есептеледі. Қарыз өтелген күн толық күн ретінде есепке алынады. Шарт өзінің әрекетін қай айда тоқтатса, сол айға арналған сыйақы   Шарт аяқталатын күннен кешіктірілмей төленеді.

Міндеттемелерді орындау мерзімі кешіктірілген жағдайда, сыйақы Қарыз  сомасының барлық қалдығына, соның ішінде мерзімі өтіп кеткен жартысына есептеледі. Қарыз алушы Қарыз мәні пайдаланылатын мерзім өтісімен оны іс жүзінде пайдаланған уақытқа, Қарыз мәнін толық өтегенге дейін сыйақы төлейді.

Банк сот тәртібінде Қарыз мәні сомаларын мерзімінен бұрын талап еткен және/немесе өндіріп алған жағдайда, Қарыз алушы Банкке Қарыз мәні сомасын іс жүзінде қайтаратын сәтке дейін есептелген сыйақыны Қарыз алушы төлейді.

2.3. Банктің сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай уақытша өзгертуі немесе оны азайту жағына қарай уақытша өзгертетін жағдайдан басқа, сыйақының тұрақты мөлшерлемесі біржақты тәртіпте өзгертілмейді. 

Сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай уақытша өзгерту деп Банктің сыйақы мөлшерлемесін белгілі бір мерзім аралығында азайтуы ұғынылады, ол мерзім өткен соң, сыйақы мөлшерлемесі уақытша өзгертілгенге дейінгі мөлшерінен аспайтын мөлшерде белгіленеді.  

 

3. ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУ

3.1. Берешекті өтеу қолма-қол ақша түрінде де, қолма-қол ақшасыз тәртіпте де жүргізіледі.  

3.2. Берешекті өтеген кезде, Қарыз алушы өтеу кестесі бойынша өтеу күнінен кешіктірмей Алматы уақыты бойынша сағат 16.00-ге дейін ақшаны Қарыз алушының шотына енгізуді/Шотта ақшалай қаражаттың болуын қамтамасыз етуді іске асыруға міндетті.

3.3. Қарыз және сыйақы бойынша берешекті өтеу Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын өтеу кестесіне (Шарттың №1 қосымшасы) сәйкес Қарыз алушының Шартта белгіленген таңдауына байланысты аннуитетті/ дифференциалды/ жеке әдіспен жүзеге асырылады.

3.4. Қарыз алушы Шарт бойынша берешекті өтеу есебіне төлейтін ақша сомаларын Банк төмендегі кезектілікпен берешекті өтеуге бағыттайды:

1) Шарт бойынша Қарыз алушыдан міндеттерді орындауға байланысты Банктің шығындары;

2) сыйақы төлеудің мерзімін кешіктіргені үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл) сомалары;

3) негізгі борышты төлеудің мерзімін кешіктіргені үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл) сомалары;

4) төленген мемлекеттік баждың, өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстарын, Қарыз алушыдан не болмаса кепіл берушінің – заттың кепілгердің (бар болса) мүлкіне сараптама не болмаса бағалау өткізу шығыстарының сомалары;

5) Қарыз алушы төлемеген комиссиялардың сомаларын өтеу;

6) мерзімі кешіктірілген сыйақы сомасы;

7) мерзімі кешіктірілген негізгі борыш сомасы;

8) Қарызды пайдаланғаны үшін есептелген сыйақы сомасы;

9) негізгі борыш сомасы.

Егер мұндай өзгерту Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптары мен Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Қарыз алушының қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталған болса, Банк  төлеуге жататын сомаларды өтеу кезектілігін біржақты өзгертуге құқылы.

3.4.1. Қарыз алушының Шарт бойынша төлеген төлем сомасы Шарт бойынша Қарыз алушының міндеттемесін орындауы үшін жеткіліксіз болса, Қарыз алушының берешегі мына кезекпен өтеледі: 

1) негізгі борыш бойынша берешек;

2) сыйақы бойынша берешек;

3) осы Шарттың 3.6.-тармағында көзделген мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл) сомасы;

4) ағымдағы төлем мерзімі үшін негізгі борыш сомасы;

5) ағымдағы төлем мерзімі үшін есептелген сыйақы;

6) атқаруды қабылдау бойынша Банк шығыны.

3.4.2. Мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін   Шарт бойынша Қарыз алушының жүргізген төлем сомасы, егер бұл Қарыз алушының Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, Қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді: 

1) негізгі борыш бойынша берешек;

2) сыйақы бойынша берешек;

3) ағымдағы төлем мерзімі үшін негізгі борыш сомасы;

4) ағымдағы төлем мерзімі үшін есептелген сыйақы;

5) Шарттың 3.6.-тармағында көзделген мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл) сомасы;

6) атқаруды қабылдау бойынша Банк шығыны.

3.5. Қарызды өтеудің нақты күні деп Шарт бойынша Қарыз алушының Банк  алдындағы берешегін өтеу есебіне  сома, соның ішінде Қарыз  бойынша негізгі борыш сомасы, есептелген сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (айыппұлдар) сомалары Банктегі Қарыз алушының шотына іс жүзінде түскен күн саналады.  

3.6. Осы Шартта көзделген тәртіпте Қарыз  сомасын қайтару  және сыйақы төлеу  бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Қарыз алушы Банкке осы Шарттың Өтеу кестесінде көзделген мерзім мен мөлшерде төленбеген негізгі борыш пен сыйақы сомасының  __ (0,5%  артық) мөлшерде, әрбір кешіктірілген күн үшін кешіктірген 90 (тоқсан) күн ішінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) төлейді, ал мерзімі кешіктірілген 90 (тоқсан) күн өткеннен кейін, Қарыз алушы Банкке әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімі кешіктірілген төлем сомасының 0,03 % (нөл бүтін жүзден үш пайызы) көлемінде, осы Шарт әрекет етуінің әрбір жылы үшін Шартта көрсетілген Қарыз сомасының 10% (он пайызынан) көп емес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) төлейді.

3.7. Шартты жасаумен және орындаумен байланысты, Шарт бойынша комиссиялар мен төлемдердің тізбесі, мөлшері және мерзімі Шартта белгіленген. 

 

4. ҚАМТАМАСЫЗДЫҚ

4.1.  Осы Банктік қарыз шарты бойынша Қамтамасыздықдың болу немесе болмау  қажеттілігі тиісті Шарттың талаптарында белгіленеді.  

4.2. Қарыз алушының Шарт бойынша Банктің алдындағы міндеттемелерін орындауы кепілдікпен және/немесе кепілзатпен (жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен), сондай-ақ Банктік қарыз шартында көзделген мөлшердегі тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етіледі. 

 4.3. Банк уәкілетті органының тиісті шешімі болған жағдайда Шартты қамтамасыздықсыз жасау мүмкіндігіне рұқсат етіледі.

 

5. ҚАРЫЗ АЛУШЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ОРЫНДАМАҒАН / ТИІСТІ ТҮРДЕ ОРЫНДАМАҒАН КЕЗДЕ БАНК ҚАБЫЛДАЙТЫН ШАРАЛАР

5.1. Банктің төмендегі жағдайларда Қарыз алушы  берешегінің сомасын мерзімінен бұрын өндіртіп алуға (ішінара немесе толық көлемде) беруге құқығы бар:

5.1.1. егер Қарыз алушы сот ісіне тартылған болса, сонымен қатар Банктің атына үшінші тұлғалардан (мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардан, жеке және заңды тұлғалардан) (1) Қарыз алушыны сот ісіне тарту; (2) Қарыз алушыға қатысты қылмыстық іс немесе талап сомасы Қарыз сомасынан 10 және одан астам пайызын тұрайтын азаматтық іс қозғау сияқты ықтималды тәуекелдер туралы ақпараттан тұратын кез келген сұраулар/хаттар/құжаттар түскен жағдайда;

5.1.2. Қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, сонымен қатар Банктің атына үшінші тұлғалардан (мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардан, жеке және заңды тұлғалардан) (1) Қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауы; (2) Қарыз алушы Банк және(немесе) өзге үшінші тұлғалар алдындағы өзінің кез келген қаржылай міндеттемесін бұзуы туралы ықтималды тәуекелдер туралы ақпараттан тұратын кез келген сұраулар/хаттар/құжаттар түскен жағдайда;

5.1.3. Қарыз алушы осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және(немесе) тиісті түрде орындамаған жағдайда. Бұл ретте Қарыз алушының Қарыздың кезекті бөлігін қайтару және(немесе) сыйақы төлеу мерзімін бұзуына байланысты берешек сомасын мерзімінен бұрын қайтару туралы талап қою осы тармақтың 4 тармақшасының ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;

5.1.4. Қарыз алушы Қарыздың кезекті бөлігін қайтару және(немесе) сыйақы төлеу үшін белгіленген мерзімді 40 (қырық) күнтізбелік күннен астам мерзімге бұзған жағдайда;

5.1.5. өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда.

5.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіпте  Қарыз алушының талап етуі бойынша ашылған, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін өтемақылар мен әлеуметтік төлемақылар түрінде Қарыз алушы алатын ақша орналасатын банктік шоттарды қоспағанда, Банктің Қазақстан Республикасының аумағында да, одан  тыс жерлерде де банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын кез келген банктер мен ұйымдардағы Қарыз алушының кез келген банктік шоттарынан даусыз (акцептсіз) тәртіпте, Қарыз алушының қосымша келісімінсіз, Қарыз алушының осы Банктік қарыз шарты және Шарт бойынша міндеттемелерін орындамауына және/немесе тиісті түрде орындамауына байланысты берешек сомасын алып алуға құқығы бар.

5.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіпте, Қарыз алушының талап етуі бойынша ашылған, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін өтемақылар мен әлеуметтік төлемақылар түрінде Қарыз алушы алатын ақша есепте тұратын банктік шоттарды қоспағанда,  Қарыз алушының осы Банктік қарыз шарты және Шарт бойынша міндеттемелерін орындамауына және/немесе тиісті түрде орындамауына байланысты пайда болған берешек сомасын Банктің Қарыз алушының Банкте ашылған кез келген банктік шотынан даусыз (акцептсіз) тәртіпте төлемдік ордердің негізінде банктік шоттан тікелей дебеттеу жолымен алып алуға құқығы бар.

Банктік шотты тікелей дебеттеу құқығы Қарыз алушы осы Банктік қарыз шарты және Шарт бойынша Банктің алдындағы міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.

5.4. Банктің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және (немесе) осы Шартта көзделген кез келген шараларды қолдануға, соның ішінде осы Шарт бойынша борышты өндіріп алу туралы шағым-талаппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

6. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

6.1. Егер Қарыз алушы осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған/тиісті түрде орындамаған жағдайда, Банк осы Банктік қарыз шартында және Шартта көзделген тәртіпте және мерзімде: осы Банктік қарыз шартының 5.1.-5.4. тармақтарында көзделген шараларды қолдануға және Қарыз алушыны кредиттеуді тоқтатуға құқылы.

6.2. Қарыз алушы қаржылық емес міндеттемелерді орындамаған кезде, Қарыз алушы міндеттемелерді орындамаған әрбір күн үшін Қарыз сомасынан 0,1% (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде Банкке айыппұл төлейді.

6.3. Қарыз мәнін мақсаттан тыс пайдалану фактісі анықталған жағдайда, Банк мақсаттан тыс пайдаланылған Қарыз сомасынан 5% (бес пайыз) мөлшерінде есептеу жүргізуге және Қарыз алушыдан айыппұл төлеуді талап етуге құқылы.

6.4. Міндеттемелерді орындамау/тиісті түрде орындамау барысында төленген тұрақсыздық айыбы және залалды өтеу Қарыз алушыны осы Банктік қарыз шарт және Шарт бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындаудан босатпайды.

6.5. Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.

 

7. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ

7.1. Банк құқылы:

7.1.1. Кез келген уақытта Қарыз алушының қаржылық жағдайын Қарыздың мақсатына сай пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыруға.

7.1.2. Қарыздың сыйақысы есептелген барлық сомасын осы Банктік қарыз шартында және Шартта белгіленген талаптарда нақты пайдаланылған уақыты үшін мерзімінен бұрын өндіріп алуға.

7.1.3. Қарыз алушы Қарызды өтеу / есептелген сыйақыны / комиссияларды төлеу бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған және мерзімі кешіктірілген берешек түзілген жағдайда, сондай-ақ басқа да жағдайларда, Банктің бір жақты тәртіпте сыйақыны, Шартқа сәйкес төленуге міндетті төлемдердің мерзімі кешіктірілгені үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлын) есептеуді тоқтата тұруға.

7.1.4. Қарыз алушыны осы Банктік қарыз шартының 8.1.7. тармақшасында көрсетілген жағдайлар туралы хабардар ету мақсатында коллекторлық агенттікті тартуға.     

7.1.5. Бір жақты тәртіпте осы Банктік қарыз шарттың және Шарттың талаптарын Қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай Банктік қарыз шартында  белгіленген тәртіппен өзгертуге.

7.1.6. Қарыз алушы Қарыздың кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақыны төлеу үшін белгіленген мерзімді 40 (қырық) күнтізбелік күннен астам бұзған жағдайда, Қарыз мәнінің және ол бойынша сыйақының сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге. 

7.1.7. Банктің жарнамалық акциялары, өнімдері және қызмет көрсетулері бойынша кез келген ақпаратпен Қарыз алушының көрсеткен барлық байланысу мәліметтеріне (қоса алғанда, бірақ шектелмей: мобильді телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, үйдің пошталық мекен-жайы) хабарламалардың барлық түрін (қоса алғанда, бірақ шектелмей: sms-хабарламалар, электрондық пошта бойынша хабарламалар, қағаз бетіндегі хаттар) жіберуге.

7.1.8. Қарыз алушыны Банк жүргізетін жарнамалық, ақпарттық сипаттағы ойындарға, акцияларға қатысуға тартуға. Осы арқылы Қарыз алушы Банктің ол туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, жарнамалық, ақпараттық материалдарда оның тегін, атын, әкесінің атын, ұтыс немесе жүлде мөлшерін, сомасын жариялауына, сондай-ақ, Банктің жарнамалық және ақпараттық қызметімен тікелей немесе жанама байланысты басқа іс-шараларын жүргізуге өзінің келісімін білдіреді.

7.1.9. Егер Банк Қарыз алушыға мақұлданған, бірақ берілмеген (ұсынылмаған) Қарыз бойынша Қарыздың тиісті валютада берілуін тоқтатқан, тыйым салған және (немесе) Банк өз қызметін жүзеге асыру үшін Банк қолайсыз деп таныған жағдайлар бойынша,  сондай-ақ келесі жағдайларда, соның ішінде олармен шектеліп қалмастан ақша нарығында және (немесе) капиталдар нарығында және (немесе) қаржы нарығында өзгерістер және (немесе) қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің және (немесе) валюталар бағамдарының және инфляция, девальвация көрсеткіштерінің өзгеруі жағдайларында,  Банк Қарыздың ұсынылуын (берілуін) тоқтатып, тыйым салған болса, Қарыз мәнін беруді біржақты тәртіпте тоқтата тұруға.

7.1.10. Қарыз алушы осы Банктік қарыз шартының 7.2.11. тармақшасында көзделген құқықты іске асырмаған, сондай-ақ осы Банктік қарыз шартының 8.1.7. тармақшасында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған  не Қарыз алушы мен Банк арасында Шарттың талаптарын өзгертуге келісім болмаған жағдайларда, Банк Шарттың 5-бабында көзделген шаралардан басқа:    

1) берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге.   

2) Қарыз алушыда Шарт бойынша – қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын, жеке тұлғаға берілген ипотекалық қарыз бойынша - қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, Банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді)  осы Банктік қарыз шартының  7.3.9. және 7.3.10. тармақшаларында көрсетілген тұлғаға беруге құқылы.  

7.1.11. Өз қалауы бойынша кез келген кез келген уақытта өз бетінше Қарыз алушыны және (немесе) Қамтамасыздықты сақтандыруға құқылы. Бұл ретте осындай сақтандыру шарты бойынша  Қарыз алушы Пайда алушы болып табылады.

7.2. Қарыз алушы құқылы:

7.2.1. Осы Банктік қарыз шартының   10.1. тармағында көрсетілген шарттарды сақтай отырып, осы Шарт бойынша берешекті мерзімінен бұрын өтеуге.

7.2.2. Қарыз алушының өтініші бойынша үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, айына бір реттен жиі емес, Шарт бойынша берешекті өтеу есебінен түсетін ақшаның үлестірілуі (негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыптарына, айыппұлдарға және айыппұл санкцияларының өзге түрлеріне, сондай-ақ басқа да төленуге жататын сомаларға) туралы ақпаратты тегін алуға.

7.2.3. Шарт бойынша берілген ақшаны Банкке ішінара немесе түгелдей мерзімінен бұрын қайтару туралы өтініші бойынша – 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, негізгі борышқа, сыйақыларға, комиссияларға, тұрақсыздық айыптарына, айыппұлдар мен айыппұл санкцияларының өзге түрлеріне, сондай-ақ басқа да төленуге жататын сомаларға бөле отырып, мерзімі кешіктірілген төлемдерді көрсете отырып, қайтарылуға жататын соманың мөлшері туралы мәліметті тегін алуға.

7.2.4. 1 (бір) жылға алынған Қарызды   алған күннен бастап, 6 (алты) ай өткен соң, ал 1(бір) жылдан астам уақытқа алынған қарызды алған күннен бастап, 1 (бір) жыл өткен соң, тұрақсыздық айыбын және айыппұл санкциясының басқа түрін төлемей, қарызды толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеуге.  

7.2.5. Егер негізгі борышты және(немесе) сыйақыны өтейтін күн демалыс немесе мейрам күніне тап келсе, сыйақыны және(немесе) негізгі борышты төлеуді тұрақсыздық айыбын  және  Қарыздың  қайтарылуы үшін айыппұлдық шектемелердің басқа түрлерін төлеместен одан кейін келетін жұмыс күні іске асыру.

7.2.6. Көрсетілетін қызметтер бойынша Банкке жазбаша хабарласу және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы «12» қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Заңымен белгіленген мерзімдерде жауабын алуға.

7.2.7. Ипотекалық тұрғын үй Қарызын алған кезде, міндеттемелердің орындалмағаны туралы құлақтандыру тапсырылған немесе тапсырыстық хатпен жіберілген күннен бастап, 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн ішінде, ипотекалық шарт тіркелген органда тіркелген, ипотеканы соттан тыс тәртіпте іске асыруды жүргізуден жазбаша бас тарту беруге.

7.2.8. Соттан тыс тәртіптегі сауда-саттық туралы хабарландыру бірінші рет жарияланған күнге дейін, Қамтамасыздықты сатып алу бағасы Банктің талаптарын ондағы Банктің талаптарын іс жүзінде қанағаттандыратын сәтке қарай болған көлемде жабатын сатып алушының кандидатурасын Банкке ұсыну, аталған тұлғаның артықшылықпен сатып алу құқығы бар. Мұндай жағдайда Банк Қамтамасыздықты сатудан бас тартпауға тиіс.

7.2.9. Осы Шартты жасаған күннен бастап, 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Қарыз берілген күннен бастап Қарыз қайтарылған күнге дейін Банк есептеген сыйақыны төлей отырып, Қарыздың сомасын толық қайтару, егер Қарыз  тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға алынған болса және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес болған жағдайда, Қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбы мен айыппұлдық санкциялардың басқа түрлерін төлеуден босатылады. Бұл ретте Қарыз алушы Қарызды   болжамды қайтару күнінен 1 (бір) жұмыс күн бұрын Банкке жазбаша хабарлауы тиіс.

7.2.10. Банктен Шарттың  талаптарын  жақсарту жағына қарай өзгерту туралы хабарлама алған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде  Банктің ұсынған жағдайларды жақсарту туралы талаптарынан жазбаша түрде  бас тартатындығын хабарлауға.  

7.2.11.  Міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қарыз алушы Банкке    баруға және өзінің банктік қарыз шартының талаптарына, оның ішінде:          

1) Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге; 

2) шет ел валютасымен берілген Қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгертуге; 

3) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға; 

4) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге; 

5) Шарттың қолданылу мерзімін өзгертуге; 

6) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жоюға байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі өтуінің туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы жазбаша өтініш ұсынуға құқылы.

(осы тармақтың ережесі 2018 жылғы 01 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.)

 

7.3. Банк құқылы емес:

7.3.1. Қарыз алушымен Шарт жасалған күнге бекітілген Қарызға қызмет көрсетуге қатысты комиссияны және басқа да төлемді есептеу тәртібі мен мөлшерін арттыру жағына қарай біржақты тәртіпте өзгертуге.

7.3.2. Жасалған Шарттың шеңберінде комиссиялардың жаңа түрлерін біржақты тәртіпте енгізуге.

7.3.3. Қарыз алушыны сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдауда шектеуге, сондай-ақ Қарыз алушыға өз өмірі мен денсаулығын сақтандыру міндетін жүктеуге.

7.3.4. Төмендегі жағдайларды қоспағанда, жасалған Шарттың шеңберінде жаңа қарыздардың берілуін біржақты тәртіпте тоқтата тұруға:

7.3.4.1. осы Шартпен көзделген, солар болғанда Банкте жаңа қарыздарды беруді жүзеге асырмау құқығы пайда болуына;

7.3.4.2. Қарыз алушының осы Банктік қарыз шарты және Шарт бойынша Банктің алдындағы өз міндеттемелерін бұзуына;

7.3.4.3. Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес Банк жүргізетін мониторинг нәтижелері бойынша анықталған Қарыз алушының қаржылық күйін  нашарлатуға;

7.3.4.4. Банктің Шартты тиісті түрде орындауына әсер ететін Қазақстан Республикасы  заңнамасының талаптарын  өзгертуге.

7.3.5. 1 (бір) жылға дейін алынған Қарызды алған күннен бастап 6 (алты) айға дейін, ал 1 (бір) жылдан астам уақытқа алынған қарызды алған күннен бастап  1 (бір) жылға дейін негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеген жағдайдан басқа, Қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкциясының басқа да түрін төлетуге.  

7.3.6. Егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтейтін күн демалыс немесе мейрам күніне тап келген жағдайда, тұрақсыздық айыбын немесе айыппұлдық шектемелердің басқа түрлерін төлеу және сыйақыны немесе негізгі борышты төлеу одан кейін келетін жұмыс күні іске асырылады.

7.3.7. Қарыз алушы үшін талаптарды жақсарту жағдайынан басқа, Банктік қарыз шартының және Шарттың талаптарын біржақты тәртіпте өзгертуге. 

Қарыз алушы үшін Банктік қарыз шартының және Шарттың талаптарын   жақсарту ретінде осы тармақтың мына мақсаты түсініледі: 

· Қарызға қызмет көрсетумен байланысты көрсетілген қызмет комиссиясы мен басқа да төлемді азайту жағына қарай өзгерту немесе оны толығымен алып тастау;

· тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) азайту жағына қарай өзгерту немесе оны толығымен алып тастау;

· Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;

· Шарт бойынша төлемдер мерзімін ұзарту  және (немесе) оны бөліп төлеу. 

7.3.8.Банктің коллекторлық агенттікпен осындай шарт жасасу жағдайларын қоспағанда, оның үшінші тұлғалармен нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөнінде қызметтер көрсету болып табылатын шарт жасасуға.  

7.3.9. Мынадай талаптардың бірі сақталған кезде: 

Ø құқықтарды (талап етулерді) сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай ұйым қызметі түрлерінің бірі болып табылғанда;

Ø құқықтарды (талап етулерді) сатып алу жеке тұлғаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар немесе мемлекеттік органдардың құқықтық актілері шеңберінде жүзеге асырылғанда, құқықты (талап етуді) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдарға беруді қоспағанда, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғамен жасалған және тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беруді жүргізуге. 

7.3.10. Банктің құқықты (талап етуді) мынадай тұлғаларға: 

Ø коллекторлық агенттікке;

Ø банкке;

Ø банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға;  

Ø бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымына;  

Ø екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға;

Ø секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына беруін қоспағанда, оның банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуге.

 

8. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТІ

8.1. Банк міндеттенеді:

8.1.1. Қарыз алушының өтініші бойынша үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, айына бір реттен жиі емес,  Шарт бойынша берешекті өтеу есебінен түсетін кезекті ақшаның үлестірілуі (мерзімі өткен төлемдерді көрсете отырып, негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыптарына, айыппұлдарға және айыппұл санкцияларының өзге түрлеріне, сондай-ақ басқа да төленуге жататын сомаларға) туралы ақпаратты жазбаша түрде тегін беруге.

8.1.2. Шарт бойынша берілген ақшаны Банкке ішінара немесе түгелдей мерзімінен бұрын қайтару туралы өтініші бойынша – 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, негізгі борышқа, сыйақыларға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдар мен айыппұл санкцияларының өзге түрлеріне, сондай-ақ басқа да төленуге жататын сомаларға бөле отырып, мерзімі кешіктірілген төлемдерді көрсете отырып, қайтарылуға жататын соманың мөлшері туралы мәліметті жазбаша түрде тегін беруге.

8.1.3. Көрсетілетін қызметтер бойынша Банкке Қарыз алушының жазбаша хабарласуына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы «12» қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Заңымен белгіленген мерзімдерде жазбаша жауабын беруге.

 8.1.4. Осы Шартты жасаған күннен бастап, 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Қарыз   берілген күннен бастап Қарыз қайтарылған күнге дейін Банк есептеген сыйақыны төлете отырып, егер Қарыз  тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға алынған болса және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес болған жағдайда, Қарызды  қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбы мен айыппұлдық санкциялардың басқа түрлерін ұстап қалусыз, Қарыздың сомасын толық қайтарып алуға;

8.1.5. Қарыз алушының Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау бойынша заңнамасымен белгіленген  дербес деректерін қорғау бойынша қажетті іс-шараларды қабылдауға.

8.1.6. Қарыз алушыға Банктік қарыз шарты  мен Шарт  талаптарының  жақсарту жағына қарай өзгертілгендігі туралы оған өзгерту енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберумен хабарлауға. 

8.1.7.  Қарыз алушыға Қарыз бойынша мерзімі кешіктірілген берешектің пайда болғаны туралы, Қарыз бойынша мерзімі кешіктірілген берешек сомасын Қарыз алушының кез келген шоттарынан даусыз (акцептісіз) есептен шығару туралы, Шарт бойынша төлем жүргізу қажеттігі және Қарыз алушының өз міндеттемесін атқармауының салдары туралы Қарыз алушы міндеттемесін орындауының мерзімін кешіктірген күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға. 

8.1.8. Шарт (бұдан әрі – Талап ету құқығын беру шарты) бойынша Банк  құқығының (талап ету) үшінші тұлғаға өту талаптары қамтылған Шартты жасау кезінде, Қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін):   

Ø  Талап ету құқығын беру шартын жасағанға дейін құқықтарының (талап ету) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ Келісімде көзделген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен беруге байланысты, Қарыз алушының дербес деректерін өңдеу туралы; 

(осы тармақтың ережесі 2018 жылғы 01 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі). 

Ø  Шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына  қайшы келмейтін тәсілмен үшінші тұлғаға банктік қарызды өтеу бойынша бұдан кейінгі төлемдердің тағайындалғанын (шарт бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы мен орналасқан жері), берілген құқықтардың (талаптардың) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының және басқа да төленуге тиіс сомалардың қалдықтарын көрсете отырып, талап ету құқығын  беру шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде құқықтың (талаптардың) үшінші тұлғаға өткені туралы хабардар етуге.  

8.1.9. Банктер туралы заңның 36-бабында көзделген Қарыз алушының жазбаша өтінішін алғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде Шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарауға және Қарыз алушыға жазбаша нысанда мыналар:  

Ø  шарт талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу; 

Ø  шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстары; 

Ø  мұндай бас тартудың дәлелді себебін көрсетумен Келісім және(немесе) Шарт талаптарын    өзгертуден бас тарту туралы хабарлауға.

(осы тармақтың ережесі 2018 жылғы 01 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).

8.2. Қарыз алушы міндеттенеді:

8.2.1. Қарыз алушының Шотында кезекті төлемді өтеу үшін жеткілікті ақша сомасының болуын қамтамасыз ету. Егер Банк Шарттың талаптары бойынша тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарын) және басқа да төлемдерді есептесе және соның нәтижесінде ай сайынғы жарнаның мөлшері Шарттың талаптары бойынша есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың) және басқа да төлемдердің сомасына көбейетін болса, Қарыз алушы Банктен жазбаша түрде қазіргі мерзімі кешіктірілген берешектің егжей-тегжейлері көрсетілген анықтама-есепті алуға және есептелген сомаларды анықтама-есепке сәйкес, өтеу есебінен енгізуге міндетті. Анықтама-есептің болмауы немесе оның Қарыз алушының кінәсінен алынбауы есепке жатқызылған тұрақсыздық айыбын (айыппұлын) және Банк осы Шарттың талаптары бойынша есептеген басқа да төлемдердің сомаларын төлеу бойынша міндеттемелерден Қарыз алушыны босату үшін негіздеме болып табылмайды.

8.2.2. Қарызды, ол бойынша сыйақыны, комиссиялар мен айыппұлдарды осы Шартта көзделген мерзімдерде және мөлшерлерде толық өтеуге.

8.2.3. Банктің талап етуі бойынша, талап түскен сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде өзінің қаржылық жағдайына қатысты барлық қажетті ақпарат пен құжаттаманы беру, сондай-ақ Қарызды, ол бойынша сыйақыны дер кезінде өтеуге ықпал ете алатын барлық мән-жайлар туралы Банкке дереу хабарлауға.

8.2.4. Егер Банк жазбаша талабында басқа мерзімді көрсетпеген болса, талап етілген күннен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде, осы Банктік қарыз шартының 5.1. тармағына сәйкес Банк соған сәйкес талап еткен жағдайда, Қарызды және есептелген сыйақы сомасын өтеуге.

8.2.5. 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде өзінің орналасқан, тұратын, тіркелген жерінің, еңбек қызметін жүзеге асыратын орнының, пошталық және (немесе) банктік деректемелерінің, телефон нөмірлерінің, электрондық мекен-жайлары мен басқа да мәліметтерінің өзгергені туралы Банкке хабарлау. Банктің Қарыз алушыға жаңа мекенжай, телефон /ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы арқылы хаттарды, құлақтандырулар мен басқа да хабарламаларды жолдау бойынша міндеті Банкте тек Қарыз алушының мекенжайының, телефон /ұялы телефон нөмірінің, электрондық пошта мекенжайының өзгергені туралы арызын Банк кіріс нөмірін беру жолымен тіркегеннен кейін ғана пайда болады.

8.2.6. Осы Банктік қарыз шартына және Шартқа қол қоюға және оны орындауға байланысты барлық шығыстарды көтеру, соның ішінде шоттар бойынша үзінді көшірмелердің, анықтамалардың, комиссиялардың, айыппұлдардың, хабардар етудің, Өтеу кестесін  өзгерткені үшін төлемдердің және басқа құжаттардың ақысын Банктің тарифтеріне сәйкес төлеуге.

8.2.7. Қарызды   оның арналған мақсатына сәйкес пайдалануға;

8.2.8. Осы Шартта көзделген жағдайларда, сыйақыны және нақты пайдаланылған уақыты үшін комиссияларды төлей отырып, Қарызды мерзімінен бұрын өтеуге.

8.2.9. Қарыз алушы Берешекті өтеу ретінде Қарыз алушының Шотына енгізілген ақшаны толық немесе ішінара алып алмауды, осы Шарт бойынша міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін Қарыз алушының Шотын жаппауды міндетіне алады.

8.2.10. Осы Шартта аталған міндеттемелерді толық көлемде атқаруға, Банктің талаптарын сақтауға.

8.2.11. Қарыз алушының Шотына осы Шарттың 3.1.-тармағында көрсетілген, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін өтемақылар мен әлеуметтік төлемақылар түрінде Қарыз алушы алатын ақшаны есепке жатқызуды жүзеге асырмауға.

8.2.12. Мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін өтемақылар мен әлеуметтік төлемақылар түрінде Қарыз алушы алатын ақшаны есепке жатқызу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіпте, талап ету бойынша ашылған банктік шотты көрсетуге.

8.2.13. Үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша Гарант ретінде әрекет етпеуге, сондай-ақ Шарт бойынша міндеттемелердің тиісті түрде орындалуына кедергі жасай алатын басқа мәмілелерді жасаспауға.

8.2.14. Қарыз мәні берілген күннен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Қарыз мәнінің мақсатына сай пайдаланылатынын растайтын барлық қажетті құжаттарды беруге.

8.2.15. Осы Шарт әрекет ететін бүкіл мерзімі бойында төмендегі:

a) Қарыз алушыны шағым-талаптар сомасы жиынтығында 1 000 000 (бір миллион) теңгеден асатын сот талқылауларына қатыстыру;

b) Қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыздық берген үшінші тұлғаларды кепілдік мүліктің жоғалуына әкелуі мүмкін сот талқылауларына қатыстыру;

c) жұмыс орнының ауысуы;

d) Қарыз алушы осы Шартқа қол қойылған күнге қарай жүзеге асырған оның коммерциялық қызметінің тоқтауы немесе қызметінің түрінің өзгеруі  мән-жайларының орын алғаны туралы Банкке дереу хабарлауға.

 

9. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ

9.1. Шарт бойынша Банктің пайдасындағы барлық төлемдерді Қарыз алушы Банк Шарт бойынша өзіне тиесілі соманы толық көлемде, одан кейіннен салықтар, алымдар, баждар, комиссиялар мен басқа да ұстап қалынатын сомалар шегерілмейтіндей етіп жүзеге асыруға тиіс.

9.2. Қарыз берілген күн ретінде Қарыз сомасы Қарыз алушының Шотына аударылған күн саналады. Қарыз сомасы Қарыз алушының Шотына есепке жатқызылған сәттен бастап, сыйақы мен комиссияларды есептеуге арналған санақ басталады.

 

10. ҚАРЫЗДЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ӨТЕУ

10.1. Төмендегі шарттар орындалған жағдайда, Қарызды Қарыз алушы мерзімінен бұрын өтей алады:

1) Қарызды мерзімінен бұрын өтейтін болжамды күнге дейін 2 (екі) жұмыс күні қалғанда Банкті жазбаша түрде құлақтандырған және Шарттың талаптарына сәйкес сыйақыны төлеген кезде.

2) мерзімінен бұрын өтелетін соманың ең төменгі мөлшері Шарттың талаптарында белгіленеді. 

10.2. Егер Қарыз алушы Қарызды мерзімінен бұрын толық көлемде және/немесе осы Банктік қарыз шартының талаптарын орындай отырып, мерзімінен бұрын ішінара төлесе, онда Банк Қарыздың барлық сомасы немесе оның бір бөлігі Қарыз алушының Шотына есепке жатқызылған күнге дейін Қарыздың іс жүзінде пайдаланылған мерзімі үшін сыйақыны қайта есептейтініне кепілдік береді.

 

11. ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МІНДЕТТІ ҚАЙТА ТАБЫСТАУ

11.1. Қарыз алушы үшінші тұлғаларға Шарт бойынша жекелеген, сондай-ақ барлық құқықтары мен міндеттерін табыстауына тек Банктің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

11.2. Банктің Қарыз алушының келісімінсіз, Шарт бойынша өзінің құқықтарын оШарт әрекет ететін кез келген кезеңде үшінші тұлғаларға толық немесе ішінара қайта табыстауға құқығы бар.

11.3. Қарыз алушы Банкке осы Банктік қарыз шартында және Шартта мазмұндалған немесе оны орындаудан туындаған ақпаратты табыстауға, жария етуге өзінің келісімін береді, оны Банк жария ете алады / осы Шарт бойынша талаптар қою құқығын үшінші тұлғаларға ақылы, ақысыз шегініп беру нәтижесінде табыстай алады.

11.4. Қарыз алушы осы Банктік қарыз шартының 11.3.-тармағында аталған әрекеттерді Банктің жүзеге асыруы үшін Қарыз алушыдан қайталама және/ немесе кез келген түрдегі қосымша жазбаша келісімдердің, растамалардың немесе құптамалардың талап етілмейтініне келіседі және растайды.

11.5. Үшінші тұлғаға Шарт бойынша талап ету құқықтарын (талап етулер) беру кезінде Шарт шеңберінде Банктің Қарыз алушымен өзара қарым-қатынастарына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына қойылатын талаптар және шектеулер Қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қарым-қатынастарына қолданылады.

 (осы тармақтың ережесі 2018 жылғы 01 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).

 

12. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

12.1. Егер осы Банктік қарыз шарты бойынша басқаша ескерілмеген болса, Шарт тараптарының әрқайсысы екінші Тараптан алынған қаржылық, коммерциялық және басқа ақпараттың құпиялығын қатаң сақтауды міндетіне алады.

12.2. Банктің осы Банктік қарыз шартының  7.1. тармағы 7.1.4. тармақшасымен, 11.3, 11.4., 15.7.  тармақтарымен белгіленген тәртіппен ақпарат беру құқығын қоспағанда, осындай ақпаратты үшінші тұлғаларға табыс етуге, баспасөзде жариялауға немесе жария етуге тек екінші тараптың жазбаша келісімімен ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен осындай ақпаратты алуға тікелей уәкілеттік алған органдар мен лауазымды тұлғалардың талап етуі бойынша, сондай-ақ Қарыз алушы негізгі борыш сомаларын қайтармаған немесе қайтаруды кешіктірген, есептелген сыйақының сомасын, комиссияларды, тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарын) төлеуді кешіктірген жағдайда Шарт бойынша берешекті өндіріп алуды Банк үшінші тұлғаларға тапсырған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

12.3. Қарыз алушы осы Шартқа қол қою арқылы Қазақстан Репсубликасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес Банктің өзінің деребес деректерін жинауына, сақтауына  және өңдеуіне өзінің толық және сөзсіз келісімін береді.

12.4. Қарыз алушы Шартқа қол қою арқылы Банкке осы Банктік қарыз шартының 7.1.11. тармақшасына сәйкес Банк тартқан сақтандыру компаниясының пайдасына Қарыз және Қамтамасыздық туралы ақпаратты ашуға өз келісімін береді.

 

13. ШАРТТЫ БҰЗУ

13.1. Шарт төмендегі жағдайларда бұзылуы мүмкін:

13.1.1. Тараптардың келісімі бойынша;

13.1.2. Қарыз алушының осы Банктік қарыз шартының және Шарттың талаптарын орындамауы;

13.1.3. Қарыз алушыға қарсы шағым талаптары жиынтығында 1 000 000 (бір миллион) теңгеден асатын соманы құрайтын сот талқылауларының қозғалуы немесе қайта жаңғыртылуы;

13.1.4. Қарыз алушының мүлкіне тыйым салынуы, оның мүлкі мен шоттарының өндіріп алынуы талап етілуі немесе осындай мән-жайлардың пайда болу қатері;

13.1.5. кез келген негіздемелер бойынша Қарыз алушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде орындауын қамтамасыз ету үшін жасалатын мәміленің (мәмілелердің) жарамсыз деп танылуы;

13.1.6. Қарыз алушының және (немесе) үшінші тұлғалардың жоғалған, бүлінген кепілге салынған мүлікті Банктің талаптарына сай келетін басқа тең бағалы Қамтамасыздықпен ауыстырмауы;

13.1.7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда.

13.2. Банк осы Банктік қарыз шартының 13.1.2 -13.1.7. тармақшаларында көрсетілген талаптар орын алған жағдайда, Шартты бұзатын күнге дейін үш жұмыс күні қалғанда Қарыз алушыны хабардар ету жолымен бір жақты тәртіпте, Қарыз алушының ықтимал залалдарының орнын толтырмастан, осы Шартты бұза алады. Қарыз алушы осы Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы Банктің хабарламасы жолданған күннен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кешіктірмей, Банкке Қарыз мәні бойынша берешектің хабарламада көрсетілген сомасын аударуға міндетті.  

13.3. Шартты Қарыз алушының бір жақты тәртіпте бұзуына жол берілмейді.

13.4. Шарттың бұзылуы Қарыз алушыны Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан және осы Шартты бұзғанға дейін орын алған оның бұзылуы үшін жауапкершіліктен босатпайды.

 

14. ДАУДЫ ШЕШУ

14.1. Осы Банктік қарыз шартын және Шартты орындау барысында пайда болатын келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар өзара қолайлы шешімдер шығару мақсатында алдын ала тәртіпте қарастырады.

14.2. Егер Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы ымыраға келе алмаған жағдайда, дауларды шешу, Банк немесе оның филиалы орналасқан жері бойынша сотта жүзеге асырылады.

 

15. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

15.1. Шартқа өзгертулер мен толықтырулар Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын қосымша келісімдер түрінде ресімделеді. Бұл ретте  Қарыз алушы қосымша келісімді жасасқан және оларды қол қоюға берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қол қоюы тиіс. Белгіленген мерзімдер сақталмаған жағдайда, Тараптардың мұндай келісімде берілген уағдаластықтары өзінің күшін жояды.

15.2. Осы Банктік қарыз шартын және Шартты атқаруға байланысты барлық шығыстар, соның ішінде хабарламалардың құнын төлеуге, нотариаттық қызметтердің ақысын төлеуге, Қарыз алушының Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мәселелерін реттеу бойынша іс-сапарға шыққан кездегі іс-сапарлық шығыстары, және/немесе Қарыз алушының Шарт бойынша міндеттемелерін орындамауына және/немесе тиісті түрде орындамауына байланысты Банктің басқа шығыстары Қарыз алушыға жүктеледі.

15.3. Шартта баяндалған мәселелер бойынша оған қол қойылғанға дейін Тараптардың арасында болған барлық алдын ала келісімдер, уағдаластықтар, келіссөздер мен хат-хабар оған қол қойылған күннен бастап күшін жояды.

15.4. Қарыз алушы қайтыс болған жағдайда, осы Банктік қарыз шарты және Шарт бойынша барлық міндеттемелер оның құқықтық мирасқор(лар)ына ауысады.

15.5. Осы Шартта көзделген талаптармен қатар, оны орындау кезінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

15.6. Жұмыс күні ретінде операциялық күн (уақыт кезеңі, осы уақыт кезеңінде Банк клиенттерден ақша аудару туралы нұсқауларды және осындай нұсқауларды тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу туралы өкімдерді қабылдауды және олардың пайдасына ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты хабарламаларды оларға жіберуді жүзеге асырады) саналады.

15.7. Банк Қарыз алушының мекенжайына кез келген хабарламаларды жіберудің қажеттілігі мен тәсілдерін өзі дербес айқындайды. Осы құжат арқылы Қарыз алушыны хабарламада көрсетілген және (немесе) Қарыз алушы көрсеткен телефон арқылы берілген ақпараттың (соның ішінде банктік құпияны құрайтын мәліметтердің), сондай-ақ осы Шарттың 8.1.-тармағының 8.1.7.-тармақшасында көрсетілген ақпараттың жөнелтілу тәсілінен тәуелсіз кез келген үшінші тұлғаларға мәлім болуы мүмкін екеніне келісімін береді. Бұл ретте Қарыз алушы егер хабарламада көрсетілген ақпарат үшінші тұлғаларға қолжетімді әрі мәлім болған жағдайда, Банкке кез келген түрде қандай да бір талап қоймайтын болады.

15.8. Қарыз алушы осы Банктік қарыз шартының және Шарттың 8.2.-тармағының 8.2.5.-тармақшасында көзделген өз міндеттемелерін орындамаған/тиісті түрде орындамаған кезде, осы Банктік қарыз шартының және Шарттың 8.1.-тармағы  8.1.7.-тармақшасында белгіленген тәртіпте хабардар етпегені үшін жауапкершілік көтермейді. 

15.9. Қарыз алушы осы Банктік қарыз шарты және Шарт бойынша міндеттемелерін атқорындамаған/тиісті түрде орындамаған жағдайда, Банктің Банктік қарыз шарты бойынша өз құқықтарын іске асыру үшін қажетті кез келген ақпаратты, соның ішінде Қарыз алушының Банктің алдындағы берешегінің мөлшері туралы, осы Банктік қарыз шарты  талаптарының бұзылуынан туындаған, қойылған және болашақта қойылатын кінарат-талаптардың сипаты туралы ақпаратты ашуына және Банктің үшінші тұлғаларға беруіне құқығы бар екеніне келіседі.

15.10. Қарыз алушы кредиттік бюролардың дерекқорына: Қарыз алушы туралы мәліметтерді беруіне; Қарыз алушы туралы; жасалатын мәміле туралы кредиттік есепті; Қарыз алушы мен Банктің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпаратты; берілуі кредиттік бюролар және кредиттік тарихнамаларды қалыптастыру туралы заңнамада көзделген басқа мәліметтерді беруіне; және кредиттік бюролардың Банкке Қарыз алушы туралы есепті беруіне өзінің келісімін берді.

15.11. Банк осы Банктік қарыз шарты және  Шарт бойынша талап қою құқықтарын үшінші тұлғаларға берген, сатқан, кепілге берген немесе кез келген басқа түрде иеліктен шығарған жағдайда, Шарт әрекет ететін кезеңде пайда болатын кез келген басқа мән-жайларда Қарыз алушы қазіргі қолданылатын немесе болашақта жасалатын банктік шот (ағымдық, жинақтық) шоттарына, мүлікті сейфте сақтау шарттарына және Банк пен Қарыз алушының арасында қолданылатын және/немесе жасалуы мүмкін басқа шарттарға негізделген, Банкке қарсы қойылатын біртекті талаптарды есепке жатқызу жолымен Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін тоқтатуды Банктен толық немесе ішінара талап етуден бас тартуға келіседі.

 15.12. Банк пен Қарыз алушы Банктік қарыз шартында өздерінің ақылға қонымды түсінілетін мүдделерінің негізінде өзгерткілері немесе күшін жойғысы келетін қандай да бір шарттардың жоқ екенін растайды, сондай-ақ Шартты жасасқан кезде өздерінің әрқайсысының өз еркімен және өз мүддесінде әрекет ететінін растайды.

15.13. Банк, егер Қарыз алушы аталған байланыс каналдары бойынша өз ынтасы бойынша сұрау салған болса немесе осы ақпаратты аталған байланыс каналдары бойынша жіберуге нұсқау берген жағдайда, Қарыз алушыға ашық каналдар арқылы, соның ішінде, бірақ шектелмей, SMS, электронды пошта, факс, телефон арқылы жіберілетін құпия ақпараттың жарияланғаны үшін жауапкершілік көтермейді. 

15.14.  Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы мәмілеге қатысты Қарыз алушы туралы мәліметтерді, ҚР заңнамасында көзделген басқа да ақпаратты ҚР Ұлттық Банкіне, сақтандыру ұйымына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте басқа да ұйымдарға Банктің ұсынуына келісімін берді.

15.15. Қарыз алушыға хабарлауды Банк телефон қоңырауы және(немесе) телефон хабарламасы арқылы, соның ішінде алдын ала жазылып алынған жеке дараландырылмаған дыбыстық хабарламаны Қарыз алушы көрсеткен кез келген телефон нөміріне жаңғырту, sms-хабар, электрондық пошта арқылы және/немесе басқа байланыс құралдары арқылы жүзеге асырады. Қоңырауды кез келген күндері (соның ішінде демалыс және мереке күндері) жергілікті уақыт бойынша сағат 9-00-ден 21-00-ге дейін жүзеге асыруға болады. Бұл ретте Банк құлақтандыруларды Қарыз алушы көрсеткен мекенжайға, телефон/ұялы телефон нөмірлеріне, электрондық пошта мекенжайларына жіберген жағдайда, Қарыз алушыға тиісті түрде хабарланды деп саналады.

 

16. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

16.1. Осы Банктік қарыз шарты Шартқа  қол қойған сәттен бастап   өз күшіне енеді және Қарыз толығымен өтелетін және есептелген сыйақы төленетін күнге дейін әрекет етеді, бұл ретте Қарыз қайтарылатын және Сыйақы төленетін нақты мерзімдер осы Шартқа № 1 Қосымшада белгіленеді.

 




 
Біз Қазақстандамыз