Главная Жеке тұлғаларға Ақшалай аударымдар Золотая Корона – Ақша аударымдары
 


Золотая Корона – Ақша аударымдары

«Золотая Корона – Ақша аударымдары» – Ресейдің, жақын және алыс шетелдердің аумағында 50 мыңнан астам қызмет көрсету пункттері бар, шот ашпай-ақ лезде ақша аудару қызметі. Қазіргі уақытта 550-ден астам банк қызметтің қатысушылары болып табылады.   

«Золотая Корона – Ақша аударымдары» бұл:

  • Жылдамдық – ақша аударымын оны жіберген соң бірнеше секундтан кейін алуға болады.  
  • Қолайлылық аударым жіберілетін ел мен қаланы ғана көрсету жеткілікті. Алушы өзіне барынша қолайлы  аударымды беру пунктін өзі таңдай алады.   
  • Бақылау«Золотая Корона – Ақша аударымдары» қызметінің  сайтында аударымның жай-күйін              тәулік бойыon-line режиміндетексеруге болады.
  • Қолжетімділік–аударымды жүзеге асырғаны үшін комиссия — ең төменгілердің бірі. Аударым валютасы – рубль, АҚШ доллары, евро, сондай-ақ ұлттық валюталар*.

Шетел валютасындағы аударымдар үшін 0% арнайы тариф

  • Аударымды жөнелту сәтінде «Платежный Центр» ЕАБЕКҰ (ЖШҚ) бағамы бойынша валюта айырбастаған кезде ғана әркет етеді.     
  • Жөнелтуші аударымды банкте рәсімдеу кезінде алушы үшін ыңғайлы валютаны таңдайды, «Платежный Центр» ЕАБЕКҰ (ЖШҚ) бағамы бойынша валюта айырбастау кезінде комиссия 0% құрайды*.    
  • Тариф 10.06.2015 ж. бастап әрекет етеді.

«Золотая Корона» ақша аударымдарын жөнелту тарифтері    

Аударымды қалай жөнелту керек:  

Аударымды жөнелту үшін Сізге жеке басты куәландыратын құжат және ақша қажет болады. Сондай-ақ алушының ТАӘ, аударым жеткізілетін ел мен қаланы білу қажет. Алушының нақты тұрғылықты мекенжайы талап етілмейді – тек қаланы көрсетсеңіз болғаны. Алушы ақшаны өзіне ыңғайлы қай пункттен және қандай валютада алуды өзі таңдайды.    

Ақша аударымын алу үшін Сізге:

  • Жеке басты куәландыратын құжатты көрсету; 
  • Банк операторына аударым нөмірін айту; 
  • Аударым сомасы мен аударымды алуға ыңғайлы валютаны айту қажет.  

«Золотая Корона – Ақша аударымдары» қызметінің аударымын таңдалған қаланың кез келген өзіне ыңғайлы пунктінен алуға болады. «Золотая Корона» аударымдары – мекенжайды және нақты алу пунктінен алуды талап етпейді. Жіберуші аударым берілетін ел мен қаланы ғана таңдайды. Жақын маңдағы қызмет көрсету пункттерін Сіз «Золотая Корона – Ақша аударымдары» қызметінің  сайтынан таба аласыз.  

«Золотая Корона – Ақша аударымдары» қызметі туралы қосымша ақпаратты – koronapay.com  сайтынан немесе тәулік бойы қолдау қызметінің +7 (495) 96-00-555 (қоңыраулар байланыс операторының ережелеріне сәйкес тарифтеледі) телефоны бойынша алуға болады.

 

*Әр мемлекет үшінқолжетімді валюталар туралы ақпаратты аударымды рәсімдеу кезінде банк операторынан нақтылау керек.  

Ақшалай қаражатты аудару жөніндегі оператор - «Платежный Центр» ЕАБЕКҰ (ЖШҚ), РФ ОБ 14.04.2014 ж. № 3166-К лицензиясы. «Золотая Корона» ақша аударымдары қызметін ұсынатын ұйымдардың толық тізімімен koronapay.com сайтынан танысуға болады.    




 
Біз Қазақстандамыз