Главная Жеке тұлғаларға Банк агенттеріне арналған ақпарат
 


Маусым, 2020
 
  • Пн
  • Вт
  • Ср
  • Чт
  • Пт
  • Сб
  • Вс
 
 

Банк агенттеріне арналған ақпарат

Құрметті клиент!

Осы хат арқылы «AsiaCreditBank(АзияКредит Банк)» АҚ Сізге Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VI«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлайды.   

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VI «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 25-бабы 4-тармағына сәйкес 2018 жылғы               14 шілдеден бастап жеке тұлғалармен жасалған барлық қолданыстағы агенттік келісімдер бойынша агенттер алынатын кірістің 10 пайызы мөлшерінде, бірақ ЕТЖ-ның 10 пайызынан кем емес және ЕТЖ-ның 75 есе мөлшерінен артық емес зейнетақы жарналарын өз пайдасына аударуды өз бетінше жүзеге асыруы тиіс.    

Заңның осы баптарын орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшіліктік жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соқтырады.        

Келесілер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады:  

1.       Зейнет жасына  жеткен тұлғалар:  

әйелдер – 58 жас, ерлер – 63 жас.                                                                                                                  2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 58,5 жасқа толғанда;                                                      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 59 жасқа толғанда;                                                      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 59,5 жасқа толғанда;                                                     2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 60 жасқа толғанда;                                                         2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 60,5 жасқа толғанда;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 61 жасқа толғанда;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 61,5 жасқа толғанда;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 62 жасқа толғанда;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 62,5 жасқа толғанда;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 63 жасқа толғанда.

2. Төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 5 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

ерлер - жалпы еңбек өтілі жиырма бес жылдан кем болмаған жағдайда, 50 жасқа жеткенде;

 

әйелдер - жалпы өтілі 20 жылдан кем болмаған жағдайда, 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындатуға құқылы.

     

3. 5 және одан да көп бала туып (асырап алып), оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер осы Заңның 10-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес 53 жасқа толғанда  жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы.   

4. Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.  

5. Әскери қызмет өтілі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болғанда, осы Заңның 64-бабының  1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша  зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдар.   

 




 
Біз Қазақстандамыз