Главная Заңды тұлғаларға Операциялық-кассалық қызмет көрсету
 


Мамыр, 2019
 
  • Пн
  • Вт
  • Ср
  • Чт
  • Пт
  • Сб
  • Вс
 
 

Операциялық-кассалық қызмет көрсету

АО "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" Сізге заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған теңгеде және шетел валютасында есеп айырысу аймағында  қызмет көрсетулердің кешенін ұсынады.   

Банк  келесі  есеп айырысу-кассалық операцияларды ұлттық және шетел валютасында жүзеге асырады:
  

  • клиенттердің банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • ұлттық және шетел валютасында аударым операциялары;
  • валюталық  бақылау;
  • конверсиялық  операциялар.

Шот ашу


Банктік ағымдағы шоттар ұлттық валютада да, шетел валютасында да ашылып, жүргізіле береді.  Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге банктік шот ашу үшін,   «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)»  АҚ және клиент арасында банктік шот шартын жасау,  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының  31.08.2016 жылғы № 207 бекітілген Қаулысының өзгерістері мен толықтырулары, банктік талаптарын есепке ала отырып, банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу Ережелерінің талаптарымен көзделген  құжаттарды ұсыну қажет.


Ұлттық және шетел валютасында аударым  операциялары


Аударым операциялары, Қазақстан Республикасының заңнамасының шегінде, теңгедегі төлем тапсырыстардың негізінде және  шетел валютасындағы аударымға өтініштің негізінде жүргізіледі.


Валюталық бақылау


Валюталық операциялар бойынша халықаралық есеп айырысуларды жүргізу барысында, Банк, Қазақстан Республикасының  валюталық заңнамасын басшылыққа алып,  төмендегідей негізгі мақсаттарға ие валюталық бақылау агентінің қызметін атқарады:    
  • клиенттердің тапсырысы бойынша да, жеке операциялар бойынша да операцияларды жүргізу барысында Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын сақтау;   
  • жүргізілетін валюталық операциялардың  Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін айқындау.


Конверсиялық  операциялар



Сіздің шетел валютасын сатып алу/сату операцияларын жүргізуге мүмкіндігіңіз бар.   Валюталарды  айырбастау бойынша операциялар күнбе-күн, немесе келесі күні жүргізіледі. Айырбастау бойынша операцияларды,  үлкен көлемді болған жағдайда, банкпен алдын ала келісілгеннен кейін, клиентке неғұрлым тиімді бағам бойынша жүргізу мүмкіндігі бар.



Сондай-ақ банк келесі қызметтерді көрсетеді:  

  • келісімшартқа есепке алу нөмірін иемдену ; 
  • келісім-шарт бойынша ақшаның қозғалысы туралы анықтамаларды ұсыну;   
  • валюталық бақылау мәселелері бойынша кеңес алу   (алдын ала клиенттің өтініші бойынша шарттар мен оларға қосымша келісімдер тексеріледі).

Соңғы жаңалықтар

Құрметті клиенттер!

Сіздерді ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығымен (ҚҚҚ) бірлесе отырып банктердің салымшылары арасында сауалнама жүргізіп жатқаны туралы хабардар етеміз. Сауалнаманың мақсаты банк пен депозитті таңдау кезінде ескеретін... 22.05.2019

Құрметті клиенттер!

«Төлем каточкаларын беру және қызмет көрсету шартына (жеке тұлғалар)» Басқарма шешімінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі №20 хаттамасына сәйкес толықтырулар мен өзгертулер енгізілгенін хабарлаймыз http://asiacreditbank.kz/p/individ2. «Төлем каточкаларын беру және қызмет көрсету шартына (жеке тұлғалар)» толы... 03.05.2019
 



 
Біз Қазақстандамыз