Главная Агенттерге арналған көпшілік оферта
 


Қазан, 2018
 
  • Пн
  • Вт
  • Ср
  • Чт
  • Пт
  • Сб
  • Вс
 
 

Агенттерге арналған көпшілік оферта

Құрметтіклиенттер!

Осы хат «AsiaCreditBank(АзияКредитБанк)» АҚ жіберген Оферта болып табылады.

2015 жылғы 16 қарашадағы №405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабы 2 тармағына сәйкес, 2017 жылғы 30 маусымдағы  №80-VI  «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2017 жылғы «01» шілдеден бастап жеке тұлғалармен жасалатын барлық қолданыстағы агенттік келісімдер бойынша, жеке табыс салығынан басқа, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ пайдасына агентке тиесілі сыйақы сомасынан алым ұсталады.

Ұсталатын сома мөлшері – агенттік сыйақысының сомасынан 5 пайызға тең.

 

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды төлеуден келесі азаматтар босатылады:

1) балалар;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

3) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

4) мүгедектер;

5) интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

6) орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы жоғары оқу орындарынан кейін білім алып жатқан тұлғалар;

7) жарна төлеуден бала тууға, бала асырап алуға, үш жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

8) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

9) зейнеткерлер;

10) әскери қызметкерлер;

11) арнаулы мемлекеттік қызмет жұмыскерлері;

12) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

13) ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен қылмыстық-атқарушылық жүйе мекемелерінде (пенитенциарлық) айыбын өтеушілер;

14) уақытша ұстау оқшаулағыштары мен тергеу оқшаулағыштарындағы азаматтар.

 

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды төлеуден босатылатын жеке тұлғаларға Банкке растау құжаттарын ұсыну қажет. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды төлеуден растау құжаттарын ұсынған тиісті айға сәйкес айда босатылады.

 




 
Біз Қазақстандамыз