Главная Жеке тұлғаларға Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған арнайы ағымдағы шот
 


Сәүір, 2018
 
  • Пн
  • Вт
  • Ср
  • Чт
  • Пт
  • Сб
  • Вс
 
 

Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған арнайы ағымдағы шот

Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған арнайы ағымдағы шот – мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған шот.  

Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алушылар: 

·         Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  төленетін әртүрлі жәрдемақылар, соның ішінде бала күтімі бойынша жәрдемақы алатын ҚР азаматтары.   

Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған арнайы ағымдағы шотты ашу үшін клиент келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:    

·         жеке басты куәландыратын құжат; 

·         жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуды қамтитын арнайы шот  ашуға өтініш;  

·         заңнамаға сәйкес уәкілетті тұлғаның (ата-ананың немесе өзге заңды өкілдердің) сенімхат ұсынуы талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ағымдағы шотты ашу және (немесе) шотқа иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат  (сенімхат бойынша шот  ашқан жағдайда)

·         өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сенімхат бойынша шот  ашқан жағдайда).

Артықшылықтар:

·         шотты комиссиясыз ашу; 

·         шоттан комиссиясыз алу;

·         ақшаны депозитке аудару мүмкіндігі. 

Осы өнім бойынша тарифтермен мына жерде Тарифтер танысуға болады.  





 
Біз Қазақстандамыз