Главная Банк туралы Стратегия және миссия
 


Қазан, 2018
 
  • Пн
  • Вт
  • Ср
  • Чт
  • Пт
  • Сб
  • Вс
 
 

Стратегия және миссия

Банк заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Банк Жарғысы мен ішкі ережелерінің негізінде жүзеге асырады. Табысты банк бизнесіндегі өзінің жиырма жылдан астам тәжірибесіне сүйене отырып, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ көптеген клиенттер үшін тиімді шешімдер ұсынатын ашық және белсенді қаржы институтын құруға бағытталған жаңа даму стратегиясын айқындады. "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ-тың кәсіби қызметті жүзеге асыруы бизнес-этиканың әділдік, сенімділік, жауапкершілік сияқты негізгі қағидаттарына негізделген. Өз жұмысымызда біз клиенттерімізге кешенді қызмет пен заманауи банк өнімдерін ұсына отырып, олармен ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды орнатуға тырысамыз.  

Банктің Міндеті - кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар жасау және Қазақстан Республикасында бизнестің әртүрлі бөліктері мен бағыттары бойынша тиімді қаржы шешімдерін ұсыну. Клиенттермен және іскерлік әріптестермен басты негізі сенімділіктен, шынайылықтан, ашықтықтан пен өзара құрмет көрсетуден тұратын ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді қатынастар орнату. Қызметкерлер құрамының кәсібилігін үнемі жетілдіру әрі оларды ынталандыру, сондай-ақ Банктің корпоративтік құндылықтарын жақсарту.

Философиясы және құндылықтары

  • Сенімділік
    Тәуекел-менеджменттің жүйесі консервативті әрі ойланып құрылған.
  • Жан-жақтылық
    Клиенттердің әртүрлі сегменттеріне кеңейтілген өнім желісі.
  • Жоғары технологиялы
    ІТ-стратегиясы ойланып құрылған және ІТ-инфрақұрылымы дамыған. Жаңа технологиялардың енгізілуі.
  • Жедел қызмет көрсету
    Бизнес-процестерді автоматтау базасында қызмет көрсетудің жылдамдығы
  • Қолжетімді
    Банктің аймақтық желісі дамыған және қызметтердің кеңейтілген түрін көрсететін жан-жақты қаржы институтына айналуы.
  • Тиімділік
    Бизнес-процестерді оңтайландыру негізінде бизнестің жоғары тиімділігі мен қызмет көрсету сапасын жақсарту.
    Әр бөлімшенің KPI негізінде ынталандыру бағдарламасымен қызметкерлердің стратегиялық міндеттерді шешуге жұмылдырылуы.

Банктің 2017-2020 жж. арналған Стратегиялық мақсаттары


Банктің жоспарларына сәйкес, Банктің клиенттерге сапасы жоғары деңгейдегі банк қызметтерін ұсына отырып, Банктің қаржы тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігі, клиенттердің банк қызметтеріндегі әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті Банктің басым мақсаттары болып табылады. Бұл ретте Банктің бәсекеге қабілетті басты артықшылығы – нарықтағы жағдайдың өзгеруіне уақыты және сайма-сай әрекет ету, жаңа банк қызметтері мен өнімдерін құрып әрі оларды ұсына отырып, сыртқы ортаның сын- тегеурініне жауап беру және алдын алу қабілеті.
Банк алдына қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін келесі міндеттерді жүзеге асыруды жоспарлауда:

  • Банктің ұйғарынды тәуекелдер деңгейінің әрі кірісінің өсуін ескере отырып, 2020 жылға қарай Банктің капиталын арттыру; 
  • Тиімділік көрсеткіштері бойынша халықаралық стандарттарға жауап беру; 
  • Банк клиенттерімен ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестік қатынастар орнату; 
  • Банк активтерінің жыл сайын тұрақты өсуін қамтамасыз ету; 
  • Корпоративтік басқару жүйесін және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру; 
  • Нарықтағы жағдайдың өзгеруіне орай анағұрлым пайдалы және сенімді қаржы құралдарына бағытталған икемді әрі жедел әрекет етуді қамтамасыз ету;
  • Клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсеткен кезде, өнім желісін кеңейту әрі дамыту; 
  • Ақпараттық технологияларды дамыту, ҚР технологиясы жоғары банктерінің бірі болу; 
  • Бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру; 
  • Бөлшек бизнесті дамыту мақсатында сауда эквайрингісін және Visa ХТЖ электрондық коммерциясын (E-Comm) жүзеге асыру; 
  • Тұрақты ресурстық база қалыптастыру үшін жағдайлар жасау; 
  • Біліктілігі жоғары менеджерлердің командасын құру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасау, қызметкерлердің уәждемесі мен ынталандыру жүйесін жетілдіру;
  • Банкте корпоративтік мәдениет қалыптастыру.



 
Біз Қазақстандамыз