Алдағы уақытта болатын №4 ашық тендер туралы хабарлама

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ (бұдан әрі - Банк) келесі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға Тендер өткізілетіні туралы хабарлайды:

- Деректерді корпоративтік сақтау негізінде реттеу және басқару есептіліктерін автоматтандыру жүйесі (толығырақ сипаттама Банк сайтындағы қысқаша техникалық талаптарда көрсетілген).

Сатып алу шарттары:

1)     Жүйені жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 4,5 айдан аспауы тиіс;

2)     Сатып алу құны 20 500 000 (жиырма миллион бес жүз мың) теңге;

3)     Жүйені ары қарай өз бетінше алып жүру және дамыту үшін Банк мамандарын оқыту;

4)     Жүйенің құнын алдын ала төлеу 40% аспауы тиіс.

5)     Жұмыс кезең бойынша ұйымдастырылуы, әрбір кезеңнің нәтижелері нақты белгіленуі тиіс.

Тауар Алматы қаласына жеткізілуі (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетілуі) тиіс.

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген тендерлік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.

Техникалық талаптарға қоса тіркелетін Қосымша.

Тендерлік құжаттама топтамасын tender@asiacreditbank.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша алуға болады.

Тендерге қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер Сенімхат бере отырып тендерлік комиссия хатшысына тапсырады.

Конвертке салынған, мөр басылған тендерлік ұсыныстарды тапсырудың соңғы мерзімі 2014 жылғы «06» қазан 17 сағат 15 минутқа дейін, тапсыру мекенжайы: 050004, Қазақстан, Алматы қ., Достық 180 «Көктем» БО, 8 қабат, 81 каб.

Тендер 2014 жылы «07» қазанда Қазақстан, Алматы қ., Достық 180 «Көктем» БО, 8 қабат, 81 каб. мекенжайы бойынша өткізіледі.

Әлеуетті жеткізушілер Тендерлік комиссияның шешімі бойынша Тендердің өткізілуі кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы + 7 (727) 258-85-55 (ішкі 1650) телефоны бойынша алуға болады.

 

Ескерту: Әлеуетті жеткізушіні іріктеу барысында талаптарға сай болу, жобаны іске асыру құны мен мерзімі сияқты өлшемдерге басымдық беріледі. Баға ұсынысы өзгеруі мүмкін.

 

 
Дата публикации: 18.09.2014