Алдағы уақытта болатын №1 ашық тендер туралы хабарлама

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ (бұдан әрі - Банк) келесі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға Тендер өткізілетіні туралы хабарлайды: Электрондық құжатайналымы жүйесі (бұдан әрі – Тендер).

Тауар Алматы қаласына жеткізілуі (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетілуі) тиіс. 
Жеткізу (орындау, қызмет көрсету) мерзімі:30.06.2015ж.

Тендерге тендерлік құжаттамада және қысқаша техникалық талаптарда көрсетілген ерекшелікте көрсетілген тендерлік талаптарға жауап беретін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады. Қужатты жүктеу.

Тендерлік құжаттама топтамасын Банк мына сілтемеден жүктей аласыз немесе tender@asiacreditbank.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша сұрату жіберу арқылы алуға болады. 
Тендерге қатысуға өтінімдерді (тендерлік ұсыныстарды) әлеуетті жеткізушілер (сенімхат бойынша өкілдері) мөр басылған конвертте  Банктің тендерлік комиссия хатшысының өз қолына тапсырады. 

Тендерге қатысуға өтінімдерді (тендерлік ұсыныстарды) тапсырудың соңғы мерзімі 2015 жылғы «14» мамыр 17 сағат 15 минутқа дейін, мекенжайы: 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 17/1 үй,  н.п.8.

Тендер 2015 жылы «15» мамырда 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 17/1 үй,  н.п.8. мекенжайы бойынша өткізіледі.
Әлеуетті жеткізушілер Тендерлік комиссияның шешімі бойынша Тендердің өткізілуі кезінде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы + 7 (727) 258-85-55 (ішкі 1597) телефоны бойынша алуға болады. 

Ескерту: Әлеуетті жеткізушіні іріктеу барысында тауарлардың, жұмыстар немесе қызметтердің сапасы мен құрамының талаптарға сай болу, жобаны іске асыру құны мен мерзімі сияқты өлшемдерге басымдық беріледі. Баға ұсынысы азаю/төмендеу жағына өзгеруі мүмкін. 

 
Жарияланым күні: 22.04.2015