Алдағы уақытта болатын №5 ашық тендер туралы хабарлама

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ келесі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға Тендер өткізілетіні туралы хабарлайды: 
DLP (data los/leak prevention – мәліметтердің жылыстауының алдын алу) класының бағдарламалық қамтамасыз етуі, бағдарламалық қамтамасыз етуді Банктің инфрақұрылымына енгізу бойынша қызметтер, Банктің АТ-инфрақұрылымында айналатын ақпаратты ескере отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді ерекше дәлдеп келтіру. 
NGFW (Next Generation FireWall) бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз ету – жаңа буынның желіаралық экраны, корпоративтік желінің Internet желісімен өзара әрекеттесуі кезінде корпоративтік желіні сыртқы қауіптерден қорғайтын құрал. Құрамына қосымшаларды бірегейлендіру, пайдаланушыларды бірегейлендіру, IPS, AntiVirus, AntiBot, AntiSpam, Internet-шлюза деңгейінде «нөлдік күн» қаупін анықтау қызметтерінен тұратын құрал. 

Бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар тендерлік құжаттамада (соның ішінде DLP және NGFW техникалық  ерекшелікте) көрсетілген. 
Жеткізушілер тендерлік қосымшаны бір Лот бойынша, сондай-ақ бірден екі Лот бойынша да ұсына алады. 
Тауар Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғ., 17/1 үй, т/е.ж мекенжайы бойынша 01.10.2015ж. дейін жеткізілуі (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетілуі) тиіс. 

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген тендерлік талаптарға жауап беретін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады, тендер аясында келесі вендорлар қаралады:
- NGFW құралы бойынша: PaloAlto, McAfee, Cisco;
- DLP құралы бойынша: InfoWatch, MFI, McAfee, Symantec.
  
Әлеуетті жеткізушілер тендерлік ұсыныстарды tender@asiacreditbank.kz мекенжайы бойынша электрондық пошта арқылы және мөр басылған конверттерде, 2015 жылғы «31» шілде 17 сағат 45 минутұқа дейін жіберіледі (тендерлік ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі). 
Тендер 2015 жылғы «03» тамызда келесі мекенжай бойынша өтеді:
Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 17/1 үй,  т/е.ж. 8 (Әлеуетті жеткізушілер Тендерлік комиссияның шешімі бойынша Тендерге қатыса алады).
Қосымша ақпарат пен анықтаманы + 7 (727) 258-85-55 (ішкі 1749, +7 777 766 67 76) телефоны бойынша алуға болады. 

Ескерту: Әлеуетті жеткізушіні іріктеу барысында тауарлардың, жұмыстар немесе қызметтердің сапасы мен құрамының талаптарға сай болу, жобаны іске асыру құны мен мерзімі сияқты өлшемдерге басымдық беріледі. Баға ұсынысы азаю/төмендеу жағына өзгеруі мүмкін. 

 
Жарияланым күні: 16.07.2015