Алдағы уақытта болатын № 2 көпшілікке ашық тендер туралы хабарландыру

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ келесі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға №2 Тендер өткізілетіні туралы хабарлайды: «AsiaCreditBank (АзияКредит Банк)» АҚ филиалдарының мұрағаттық үй-жайларына арналған жабдық жеткізу (ауаны шаң мен зиян қоспалардан тазартуға арналған желдендіру жүйесі, жөндеу және іске қосу жұмыстары, кемінде екі рет ауа айдайтын ауа тартқыш желдеткішін жасау және жөндеу жұмыстары).


Тауар келесі қалаларға жеткізілуі тиіс: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 17/1, «Нұрлы Тау» БО, Астана қ., Абай даңғ., 53, Қарағанды қ., Бұхар жырау 75, Ақтау қ., 5 ық.ауд., 46 үй, Атырау қ., Сәтбаев көш.,  23Б, Ақтөбе қ., Молдағұлова даңғ., 45, Павлодар қ., Ломов көш., 135/1, Петропавл қ., Абай көш., 65, Өскемен қ., Горький көш., 21, Шымкент қ., Толстой көш., 57.


Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген тендерлік талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.


Тендерлік құжаттама топтамасын tender@asiacreditbank.kz  мекенжайы бойынша электронды пошта арқылы алуға болады.

 

Әлеуетті жеткізушілер Тендерге қатысуға Өтінімдерді сенімхат ұсына отырып тендерлк комиссия хатшысына қолма-қол тапсырады.

 

Тендерлік ұсыныстарды мөр басылған конвертке салып  2016 жылғы «17» наурыз сағат 17-45 дейін, 050004, Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 17/1 үй,  5 қабат, В блогы мекенжайы бойынша ұсыну керек.


Тендер 2016 жылғы «18» наурызда келесі мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 17/1 үй,  5 қабат, В блогы (тендер өткізу орны өзгеруі мүмкін)


Әлеуетті жеткізушілер Тендерлік Комиссияның шешімі бойынша Тендерге өткізуге қатыса алады.

 

Қосымша ақпарат пен анықтаманы + 7 727 258 85 55 (ішкі 1837) телефоны бойынша алуға болады.

 

Ескерту: Әлеуетті жеткізушіні іріктеу барысында қызмет құнына басым көңіл бөлінеді. Баға ұсынысы өзгеруі мүмкін.


Әлеуетті жеткізушілер Тендерге қатысуға берілетін өтінімдерді tender@asiacreditbank.kz мекенжайы бойынша электронды почтамен  2016 жылғы «18» наурыз сағат 15-00 дейін дейін беріледі (жіберіледі).
 
Жарияланым күні: 24.02.2016