Алдағы уақытта болатын №9 ашық тендер туралы хабарландыру

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ мына тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) сатып алуға Тендер өткізілетіндігі туралы хабарлайды:

Атауы: Ақпаратты және ақпараттық қауіпсіздік оқиғасын басқару жүйесі.

Талап етілген жеткізу мерзімі - 2016 жылғы 15 желтоқсан.

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген тендерлік талаптарға жауап беретін барлық  әлеуетті жеткізуші қатыса алады.

Тендерлік құжаттама топтамасын 2016 жылғы «23» қыркүйектен бастап 2016 жылғы «06» қазанға дейін (қосқанда) tender@asiacreditbank.kz. электронды поштасы арқылы немесе Банктің http://www.asiacreditbank.kz/ сайтынан алуға болады.

Тендерге қатысу үшін өтінімді Жеткізуші 2016 жылғы «06» қазанға дейін (қосқанда) tender@asiacreditbank.kz. электронды поштасы арқылы тапсырады (жібереді) .  

Алматы қаласы, 050059, Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 17/1-үйі, 8-т.е.үй-жайы мекенжайы бойынша мөрмен бекітіліп жабылған конверттегі (тігілген және нөмірі қойылған) тендерлік ұсынысты ұсыну мерзімінің соңы - 2016 жылғы «07» қазан сағат 17:45-ке дейін.

Тендерлік құжаттаманың скан жасалған нұсқасын 2016 жылғы «10» қазан сағат 15:00-ге дейінtender@asiacreditbank.kz. электронды поштасы арқылы жіберу қажет.

Әлеуетті жеткізушілердің тендерге қатысуға берген өтінімі бар конверттерді ашуға қатысты Тендерлік комиссияның отырысы 2016 жылдың «10» қазанында сағат 15:00-де   Алматы қаласы, 050059, әл-Фараби даңғылы, 17/1-үйі, «Нұрлы тау» БО, 3-қабат, Б-блогы мекенжайында өткізіледі.

(Әлеуетті жеткізушілер Тендерлік комиссияның шешімі бойынша Тендерге қатыса алады).

 

Қосымша ақпарат пен техникалық мәселеге қатысты анықтаманы + 7 727 3308811  (ішкі. 1827) телефоны бойынша және ұйымдастыру мәселелері бойынша (ішкі 1837) телефоны бойынша  алуға болады.

 

        Ескертпе:Әлеуетті жеткізушіні іріктеу кезінде жобаны іске асыру үшін ең төмен бағаға және (немесе) құрамындағы сапалы тауар/жұмыс/қызмет көрсету мерзімінің қысқалығына басымдық беріледі. Баға ұсынысы азайту/түсіру жағына қарай өзгертіле алады.

Жүктеу

 
Жарияланым күні: 26.09.2016