"Тұрақтылық кепілі"

Акцияның өткен уақыты: 1 Маусым 2016 жыл дейін/бойынша 30 Қыркүйек 2016 жыл

"Тұрақтылық кепілі " науқанының шарттары

 

 

1.                  Анықтамалар мен қысқартулар:

 

1.1.Банк – «AsiaCreditBank (АзияКредит Банк)» АҚ;

1.2.ЕДБ – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері;

1.3.ЗТ – заңды тұлға;

1.4.ЖК – Жеке кәсіпкер;

 

2.                  Науқанға қатысушылар:*

 

2.1.Науқан басталған күнге Банкте  ағымдағы шоты бар (немесе Науқан барысында шот ашқан) ЗТ мен ЖК;

2.2. Науқан басталған күнге Банкте  ағымдағы шоты жоқ ЗТ мен ЖТ;

 

3.                  Науқан өткізілетін аймақтар — Банктің барлық филиалдары мен бөлімшелері.

 

4.                  Науқан өткізілетін мерзім:

 

4.1.            Науқан 2016 жылғы 01 маусымнан 2016 жылғы 09 қыркүйекке дейін өткізіледі, осы кезеңде Банк науқандық кепілдікті алуға өтінімдер қабылдай алады. 

 

5.                  Науқан мәні:

 

5.1.Науқанға Науқан өткізілетін кезеңде Банкке банктік кепілдік алуға өтініш берген ЗТ мен ЖК қатыса алады;

5.2.             Банк қатысушының ЕДБ алдындағы міндеттемелері бұзылғаны туралы ақпарат алған жағдайда, Науқанға қатысуға өтінішін қабылдамауға құқылы;

5.3.            Науқан талаптары бойынша ресімделетін банктік кепілдіктің нысаналы мақсаты:

a)                 төленген аванс сомасының қайтарылуын қамтамасыз ету;

b)                 кеден органдары алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

c)                 келісімшарттың (шарттық) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

d)                 Науқан шарттарымен тікелей шектелмеген өзге мақсаттар.

 

5.4.Науқан кезінде Қатысушылар Банктен банктік кепілдікті жеңілдік шарттарымен алуға құқылы. Жеңілдіктер халықаралық банктік кепілдіктер мен контр-кепілдіктерге жарамайды;

5.5.Кепілдік алудың жеңілдік шарттары келесіні қарастырады:

a)                  кепілдік бергені үшін комиссиялық сыйақыны 2016 жылы Банктен тендерлік кепілдік алған клиенттер үшін  бекітілген ең төмен тарифтерді қоспағанда, бекітілген стандартты тарифтерден  25% дейін төмендету;

b)                  кепілдік бергені үшін комиссиялық сыйақы, қамтамасыз етуі ретінде тұрлаулы кепіл және депозитпен 100% өтелген жағдайда, кепілдік мөлшерінен 50%-дан кем емес өтем жасалған депозитті қолданатын клиенттер үшін бекітілген ең төмен тарифтерді қоспағанда, бекітілген стандартты талаптардан    50% дейін төмендету. Бұл талап өтінімдері Науқан өтетін 2016 жылғы 01 маусымнан 2016 жылғы 09 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) кезеңде қабылданған кепілдіктерге қолданылады. Бұл ретте науқан талаптары бойынша банктік кепілдік беру туралы шешім 2016 жылғы 30 қазанға дейін қабылданады.

5.6. Науқан қатысушылары сондай-ақ қатысушы сертификатына ие болады (осы Науқан талаптарының №1 қосымшасына сәйкес). Сертификат Қатысушының келесі Банк қызметтерін алуға құқығын растайды: 

a)                 есеп айырысу шотын тегін ашу

b)                 банк қызметкерінің тегін келіп кеңес беруі және  «Банк-клиент» жүйесіне қосылу;

c)                 сейфтік қызметтер:

a)  3 ай бойы тегін пайдалану (кіші сейф);

b) 3 ай бойы пайдалануға (орта және үлкен сейфті) 50% жеңілдік;

c) қатысушы компанияның бірінші басшысына, қаржы басшысына, бас бухгалтерге, Visa Gold картасын тегін шығару;

d) клиенттің өтініші бойынша кепілдік талаптарын тегін өзгерту.

 

6.                  Сертификатты пайдалану:

 

6.1.            Сертификат Науқан өткізілетін кезең барысында қатысушыға банктік кепілдікті ресімдеген Банк филиалында/бөлімшесінде Науқан қатысушысына беріледі. Сертификатты Банктің кез келген филиалында/бөлімшесінде жеңілдік алу үшін пайдалануға болады;

6.2.            Сертификат қатысушының Науқан шарттарында көзделген жеңілдіктерді алуға құқығын растайды. Жеңілдік алу үшін Сертификаттың түпнұсқасын міндетті түрде көрсету қажет;

6.3. Сертификат Науқан Қатысушысы оны алған кезден бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса), егер Сертификатта Банктің уәкілетті тұлғасының қолы мен мөрі бар болса, жарамды. Осы тармақта көрсетілген мерзім аяқталған соң, Сертификат жарамсыз болып саналады.

6.4.Науқан Қатысушысы банктік кепілдік беру туралы ресімделген келісім саны мен сомасына қарамастан, бір ғана Сертификат ала алады.

6.5.Сертификатты үшінші тұлғаға беруге болмайды.