Сұрақтар және жауаптар
 


Сұрақтар және жауаптар

Выберите тему:
Ипотекалық кредитті ресімдеу үшін сатушылардың жеке куәліктері мен неке қию туралы куәліктері керек пе?
Жіберілді (13.09.2013г.)

Ипотекалық кредитті ресімдеу үшін сатушылардың жеке куәліктерінің  ұсынылғаны жеткілікті.

 

Ипотекалық заемды ресімдеуге қажетті құжаттардың тізімі төменде келтірілген. 

 

Құжаттардың тізбесі:

  • Заемшының/Ортақ заемшының/Кепіл берушінің (Кепіл берушінің жолдасының (жұбайының) жеке куәлігі/төлқұжаты  (көшірмесін алу үшін түпнұсқасы);
  • Заемшының/Ортақ заемшының/Кепіл берушінің  тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама (түпнұсқасы);
  • Заемшының/Ортақ заемшының дербес зейнетақы шотынан соңғы 6 (алты) ай бойынша  зейнетақы  жинақ қорынан алынған үзінді  (түпнұсқасы);
  • Кепіл берушінің отбасы жағдайын растайтын құжаттар;  
  • Кепіл мүлкіне құқық беретін, техникалық және сәйкестендіру  құжаттары    (түпнұсқасы);
  • Сатушының жеке куәлігі.  
 
Добрый день, какой процент ипотечного кредита? И сколько процентов для первоначального взноса?
Жіберілді (13.09.2013г.)

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-да ипотекалық кредитті табыстарды растаумен және растаусыз төмендегі шарттарда ресімдеуге болады:

 

Табыстарды растаумен ипотека

30% басталатын (жылжымайтын мүліктің жалпы құнынан) БЖ кезінде сыйақы ставкасы – жылдық 11% бастап.

20-30% басталатын (жылжымайтын мүліктің жалпы құнынан)  БЖ кезінде сыйақы ставкасы– жылдық 11,5% бастап.

Өтінімді қарастыру бойынша комиссия- 5000 теңге.

Ұйымдастыру бойынша комиссия – заем сомасынан  2 % бастап (клиенттің қалауымен кредитті ұйымдастыру бойынша комиссия сомасы кредиттің жалпы сомасына енгізілуі мүмкін)

Табыстарды растаусыз ипотека

Бастапқы жарна 50% бастап (жылжымайтын мүліктің жалпы құнынан)

50% басталатын (жылжымайтын мүліктің жалпы құнынан) БЖ кезінде сыйақы ставкасы – жылдық 13% бастап.

Өтінімді қарастыру бойынша комиссия – 5000 теңге.

Ұйымдастыру бойынша комиссия – заем сомасынан  3% бастап (клиенттің қалауымен кредитті ұйымдастыру бойынша комиссия сомасы кредиттің жалпы сомасына енгізілуі мүмкін).

 

Сізді біздің Банктің клиенттері қатарынан көруге қуаныштымыз!

 

 
Сәлеметсіз бе, киви әмиян туралы мәселелер бойынша сізге хабарласу қажет пе?
Жіберілді (13.09.2013г.)
Сізге  8 (727)356 12 15 телефоны бойынша Қолдау қызметіне хабарласу қажет.
 
Ақтөбе қ. КИВИ терминалынан 1000 теңгені қалай қайтаруға болады, ақшаны қабылдады, бірақ операцины жүргізбеді?
Жіберілді (02.08.2013г.)
Сізге  8 (727)356 12 15 телефоны бойынша Қолдау қызметіне хабарласу қажет.
 
Менің ЖШС бар. Мен жалғыз қатысушы ретінде Кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингтік мәмілелерін қаржыландыру бағдарламасы бойынша лизингті ресімдей аламын ба?
Жіберілді (30.07.2013г.)
Иә, ресімдей аласыз! Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру бағдарламасы ЖШС үшін де, ЖК үшін де (заңды тұлғаның қатысушыларының санын есепке алмай) көзделген.Неғұрлым нақты ақпарат алу үшін "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (далее - Банк) Банк филиалына жүгіне аласыз, немесе Банк сайтында көрсетілген нөмірге хабарласуыңызға болады.
 
Бастапқы жарна болмаған жағдайда, не істеуге болады, пәтер алғым келеді?
Жіберілді (19.06.2013г.)

Сіздің  Банктің сайтындағы кері байланыс нысаны арқылы бізге келіп түскен сұратуыңызға қатысты келесіні хабарлаймыз: Сіз ипотеканы кірісті растаумен және кірісті растаусыз ресімдей аласыз. Бастапқы жарна  болмаған жағдайда, Сізге қандай да бір жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша қамтамасыз ету ұсыну қажет, ол туыстарыңыздікі де болуы мүмкін.

Сіз жылжамайтын мүлік құнынан 20 немесе 30 % төлегеннен кейін қосымша кепілді босатып алуыңызға болады.

Өкінішке орай, Сіздің жасыңыз, асырауыңыздағы жандардың саны, соңғы жұмыс орныңыздағы өтіліңіз бен ЕДБ қолданыстағы кредиттеріңіздің болуы туралы ақпарат жетіспейді, бірақ тұтас алғанда төмендегіні атап өтуге болады:

  • "Кірістерді растаумен ипотекалық кредиттеу" бағдарламасы

Бастапқы жарна 20 % бастап

20% басталатын БЖ кезіндегі ставка (жылжымайтын мүліктің жалпы құнынан) –  жылдық 11,5% бастап

                 30% басталатын БЖ кезінде (жылжымайтын мүліктің жалпы құнынан) – жылдық 11% бастап.

Өтінімді қарастыру бойынша комиссия - 5000 теңге

Ұйымдастыру бойынша комиссия – заем сомасынан 2 % бастап (клиенттің қалауы бойынша кредитті ұйымдастыру бойынша комиссия сомасы кредиттің жалпы сомасына енгізілуі мүмкін)

Кепіл затын сақтандыру жыл сайын жүргізіледі.

 

  • "Кірістерді растаусыз ипотекалық кредиттеу" бағдарламасы

Бастапқы жарна 50 %

Ставка – жылдық 13% бастап

Өтінімді қарастыру бойынша комиссия - 5000 теңге

Ұйымдастыру бойынша комиссия – заем сомасынан 3 % бастап(клиенттің қалауы бойынша кредитті ұйымдастыру бойынша комиссия сомасы кредиттің жалпы сомасына енгізілуі мүмкін)

Кепіл затын сақтандыру жыл сайын жүргізіледі.

 

Сізді біздің Банктің клиенттері қатарынан көруге қуанамыз!

 
Жасым 19-да, 230 000 теңге сомасында кредит алғым келеді, бұл мүмкін бе?
Жіберілді (19.06.2013г.)
"AsiaCredit Bank(АзияКредит Банк)"  АҚ жалақы жобаларының қызметкерлеріне арналған кепілсіз кредиттеу бағдарламасы бар, яғни егер Сіз жалақыны «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ арқылы алатын болсаңыз, Сіздің «Кепілсіз кредиттеу» бағдарламасы бойынша кірістерді растау арқылы кредит ресімдеуге мүмкіндігіңіз бар.

Сыйақы ставкасы: - жылдық 17%;

Кредиттеу мерзімі – 6 айдан бастап 36 айға дейін;

Заем сомасы:  2 000 000 теңге, бірақ орташа айлық жалақының 5-еселік мөлшерінен аспауы керек;

Қарастыру бойынша комиссия – 5000 теңге;

Ұйымдастыру бойынша комиссия – заем сомасына 5%.


Алайда, Банк талаптарына сәйкес қарастыру уақытында заемшының жасы кемінде 21 жасты құрауы керек.

 
Депозитти калай тусинуге болады?Депозитке минимум канша акша салуга болады жане договор канша уакытка?
Жіберілді (19.06.2013г.)
"AsiaCredit Bank(АзияКредит Банк) АҚ «Үздік таңдау» депозиті бар.

«Үздік таңдау» депозитінің шарттары:

Депозиттің валютасы

KZT

USD

EUR

Салымның ең төменгі сомасы

5000

30

30

Салымның ең жоғары сомасы

шектеусіз

Орналастыру мерзімі, ай.

12

24

36

12

12

Сыйақы ставкасы, %

9,6

9

9

5

3,5

ЖТС, %

10

9,4

9,4

5,1

3,6

Сыйақы төлеу:

ай сайын төлеу немесе капиталдандыру

Ішінара шығару

иә, салымның ең төменгі сомасын сақтау жағдайында

Қосымша жарналар

иә, шектеусіз

Ставканы белгілеу

Ставка салым шартының тұтас әрекет ету мерзіміне белгіленеді

Мерзімінен бұрын бұзу шарттары

ағымдағы ай үшін сыйақы есептелмейді және төленбейді

Шарттың мерзімін ұзарту

иә, салым шартының мерзімін ұзарту уақытында Банкте

қолданыстағы ставка бойынша

 

Сізді біздің Банктің клиенттері қатарынан көруге қуанамыз!

 

 
Қарағанды қ. Халық Банкінің банкоматы арқылы ақша шығаруым керек болды. Диалогтық терезеде пин-код ресурсының аяқталғындығы туралы ақпарат шығады. Бұл нені білдіреді?
Жіберілді (19.06.2013г.)
Қайырлы күн!

Толыққанды ақпарат алу үшін Сізден +7 (727) 3308-818, +7 (8000) 800-300 (Қазақстан бойынша тегін) телефондары арқылы  Card Service тәулік бойы қызметіне хабарласуды немесе Сізбен байланысу үшін өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдыруды сұраймыз.
 
Сәлеметсіз бе. ЖК қызметкерлеріне кредит бересіздер ме ИП?
Жіберілді (12.06.2013г.)
Қайырлы күн.
ЖК қызметкерлерінің кредитті зейнетақы аударымдары арқылы расталған жалақылары болған жағдайда кірісті растау бойынша  алатындығын хабарлаймыз.
Клиенттің жалпы кірісі зейнетақы аударымдарымен расталмаған жағдайда, кірістерді растаусыз бағдарламасының аясында өтінімді қарастыруға болады.

АзияКредит Банкіне хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз және Сізді өз клиенттеріміздің қатарынан көруге қуанамыз!
 
 
123