Сұрақтар және жауаптар
 


Сұрақтар және жауаптар

Выберите тему:
Депозитти калай тусинуге болады?Депозитке минимум канша акша салуга болады жане договор канша уакытка?
Жіберілді (19.06.2013г.)
"AsiaCredit Bank(АзияКредит Банк) АҚ «Үздік таңдау» депозиті бар.

«Үздік таңдау» депозитінің шарттары:

Депозиттің валютасы

KZT

USD

EUR

Салымның ең төменгі сомасы

5000

30

30

Салымның ең жоғары сомасы

шектеусіз

Орналастыру мерзімі, ай.

12

24

36

12

12

Сыйақы ставкасы, %

9,6

9

9

5

3,5

ЖТС, %

10

9,4

9,4

5,1

3,6

Сыйақы төлеу:

ай сайын төлеу немесе капиталдандыру

Ішінара шығару

иә, салымның ең төменгі сомасын сақтау жағдайында

Қосымша жарналар

иә, шектеусіз

Ставканы белгілеу

Ставка салым шартының тұтас әрекет ету мерзіміне белгіленеді

Мерзімінен бұрын бұзу шарттары

ағымдағы ай үшін сыйақы есептелмейді және төленбейді

Шарттың мерзімін ұзарту

иә, салым шартының мерзімін ұзарту уақытында Банкте

қолданыстағы ставка бойынша

 

Сізді біздің Банктің клиенттері қатарынан көруге қуанамыз!

 

 
Қайырлы күн! «Үздік таңдау» депозиті бойынша капиталдандыру қарастырылған ба? Бір жыл өткеннен кейін мерзімді ұзартуға болады ма? Сіздердің сайтта депозитті ай сайынғы салымдарды есепке ала отырып, толыққанды есептеуге арналған калькулятор бар ма?
Жіберілді (06.06.2013г.)

Қайырлы күн!

«Үздік таңдау» депозиті сыйақы төлеуді таңдау мүмкіндігін қарастырады – ай сайын ағымдағы шотқа, немесе сыйақыны капиталдандыру.

Депозит мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімді ұзарту уақытында қолданыстағы шарттарға сәйкес мерзімді ұзартуға болады.

«Үздік таңдау» депозиті бойынша сыйақы ставкасы – ағымдағы уақытта нарықтағы ең жоғары ставка болып табылады және ол салым сомасына байланысты емес.

Депозиттік калькулятор сайттың бас бөлімінде орналастырылған.


Сізге "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

 
Депозит ашу үшін қандай құжаттар қажет екендігі туралы айтып жібересіз бе?
Жіберілді (10.05.2013г.)

Қайырлы күн!

Депозит ашу үшін тек қана бір құжат керек:

 1) Жеке куәлік (түпнұсқа).

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сізге біздің филиалдарға хабарласуыңызға болады.

 

Сізге "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

 
Сіздердің депозиттер Салымдарды кепілдендіру қорымен кепілдендірілген бе? Аталған жоғары пайыздық ставкалар (ұсынылғандардан жоғары) немен байланысты? Пайыздық ставкаларды сақтау арқылы салымның ең жоғары мерзімі қандай?
Жіберілді (06.05.2013г.)

Қайырлы күн!

"AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қорының қатысушысы болып табылады, сәйкесінше жеке тұлғалардың біздің Банкте ашылған барлық салымдары кепілдендіру объектісі болып есептеледі. «Үздік таңдау» депозиті бойынша шарттар біздің клиенттеріміздің қажеттіліктері мен болжамдарына толық жауап береді. Өзінің шарттарына қарай депозит нарықтағы  үздік депозит болып табылады және клиенттерге өз қаражаттарын сақтап қана қоймай, сонымен қатар арттыруға да мүмкіндік береді. Депозит бойынша сыйақы ставкасы расында жоғары болып табылады, ағымдағы ставкалар бойынша депозиттер тарту Банктің 2013 жылы өсуі үшін жоспарлы қадам болып саналады, пайыздық шығындар Банктің бюджетінде жоспарланған. Салымның ең жоғары мерзімі – 12 ай, салым бойынша сыйақы ставкасы салымның тұтас мерзімінің ішінде өзгертілмейді.

 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сізге біздің филиалдарға хабарласуыңызға болады.

 

Сізге "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!