|
AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк) АҚ кредиторлар комитетінің құрамын бекіту туралы
2022 жылғы 14 наурызда "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" РММ "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (бұдан әрі – Банк) кредиторлар комитетінің құрамын бекітті.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерін таратуды жүзеге асыру, олардың филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларының және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың 105, 109-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 02 Желтоқсанда № 21716 болып тіркелді, банкті мәжбүрлеп тарату кезінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптардың ең көп сомасы бар кредиторлар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында көзделген әрбір кезектегі кредиторлар санатының бір өкілі бойынша кіреді. Банк кредиторлары талаптарының тізіліміне сәйкес 2,4,5,6,7,8,9 кезектер бойынша кредиторлардың 7 өкілі бекітілді. Жарияланым күні: 15.03.2022
Сонымен қатар оқыңыз
Ликвидационная
комиссия АО «AsiaCredit Bank(АзияКредит Банк)» объявляет о реализации зданий и
сооружений, иных объектов недвижимости, транспортных средств, а также...
13.12.2024
Ликвидационная комиссия АО «AsiaCredit
Bank (АзияКредит Банк)» информирует о реализации имущества, оценочной
стоимостью менее 100 (ста) МРП, без проведения публичных торгов.
Список имущества,...
09.12.2024
|