Тарату
Жаңартуларды апта сайын Сіздің e-mail арқылы алатын боласыз

Банктің мүлкін (активтерін) бағалау жөнінде конкурс өткізу туралы.

"AsiaCreditBank" АҚ тарату комиссиясы бағалау жүргізу үшін банктің мүлкін (активтерін) бағалау жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурстық құжаттама мен талаптардың тізбесі:

- құрылтай құжаттарының көшірмелері;

- Астана, Алматы, Атөбе, Ақтау, Атырау, Шымкент, Тараз, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Қарағанды қалаларында филиалдық желінің болуы (тарату комиссиясы іссапар шығындарын жаппайтынын ескертеді);

- бағалау жүргізу бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- мүлікті ретроспективті бағалауды жүргізуде жұмыс тәжірибесінің болуы;

- компанияда "бағалаушы" біліктілігі туралы куәлігі бар,заңды тұлғаның атынан тиісті мамандық бойынша мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар кемінде 5 сертификатталған бағалаушылардың саны;

- бағалаушының біліктілік куәліктерінің көшірмелері;

- бағалаушылар палаталарының біріне мүшелік туралы куәліктің көшірмелері;

- бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарының көшірмелері;

- білімі туралы құжат (диплом не жоғары кәсіптік білімнің, қосымша кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларына немесе бағалау қызметі саласындағы мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларына сәйкес бағалау қызметі саласында кәсіптік білім алғанын растайтын кезкелген басқа құжат);

- бағалау объектілері бөлінісінде қызметтер көрсетуге арналған тарифтер (коммерциялық ұсыныс);

- бағалау мерзімі.

Конкурстың толық шарттарымен және банктің мүлкі (активтері) бойынша құжаттармен жұмыс күндері сағат 09-дан 18-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13-тен 14-ке дейін) танысуға болады.

Конкурстық құжаттаманы ұсынудың аяқталу мерзімі: 2023 жылғы 10 қараша сағат 18:00-ге дейін Алматы қаласы, Медеу ауданы, Төлебаев көшесі, 38/61, "Жетісу" БО, 3-қабат, ішкі аула.

Байланыс телефоны: +7 (778) 426 36 90; +7(702) 633 90 38 Арзиева Адалят
 
Жарияланым күні: 31.10.2022

Сонымен қатар оқыңыз

В последнее время происходят рассылки различных письменных (голосовых) обращений посредством SMS сообщений, WhatsAppот имени председателя ликвидационной комиссии АО «AsiaCreditBank (АзияКредит Банк)» БОРАМБАЕВА Н.Б. в адрес бывших работников Банка, клиент

В последнее время происходят рассылки различных письменных (голосовых) обращений посредством SMS сообщений, WhatsAppот имени председателя ликвидационной комиссии АО «AsiaCreditBank(АзияКредит Банк)»... 20.01.2025

Реализация имущества через публичные торги (аукцион), оценочной стоимостью свыше 100 (ста) месячных расчетных показателей.

Реализация имущества через публичные торги (аукцион), оценочной стоимостью свыше 100 (ста) месячных расчетных показателей. Ликвидационная комиссия АО «AsiaCredit Bank(АзияКредит Банк)» объявляет о... 16.12.2024