|
AsiaCreditBank " АҚ тарату комиссиясы бағалау жүргізу үшін банктің мүлкін (активтерін) бағалау жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша қайтадан конкурс жариялайды.AsiaCreditBank " АҚ тарату комиссиясы бағалау жүргізу үшін банктің мүлкін (активтерін) бағалау жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша қайтадан конкурс жариялайды. Конкурстық құжаттама мен талаптардың тізбесі: - құрылтай құжаттарының көшірмелері; – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Шымкент, Тараз, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Қарағанды қалаларында филиалдық желінің болуы (тарату комиссиясының іссапар шығыстарын жаппайтынын ескеруді сұраймыз); - бағалау жүргізу бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; - мүлікті ретроспективті бағалауды жүргізуде жұмыс тәжірибесінің болуы; - компанияда "бағалаушы"біліктілігін беру туралы куәлігі бар заңды тұлғаның атынан тиісті мамандануы бойынша мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар кемінде 5 сертификатталған бағалаушылардың саны; - бағалаушының біліктілік куәліктерінің көшірмелері; - бағалаушылар палаталарының біріне мүшелік туралы куәліктің көшірмелері; - бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарының көшірмелері; - білімі туралы құжат (диплом не жоғары кәсіптік білімнің, қосымша кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларына немесе бағалау қызметі саласындағы мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларына сәйкес бағалау қызметі саласында кәсіптік білім алғанын растайтын кез келген басқа құжат); - бағалау объектілері бөлінісінде қызметтер көрсетуге арналған тарифтер (коммерциялық ұсыныс); - бағалау мерзімі. Конкурстың толық шарттарымен және банктің мүлкі (активтері) бойынша құжаттармен жұмыс күндері сағат 09-дан 18-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-тен 14:00-ке дейін) танысуға болады.
Конкурстық құжаттаманы ұсынудың аяқталу мерзімі: 2022 жылғы 18 қараша күнгі сағат 18:00-ге дейін Алматы қаласы, Медеу ауданы, Төлебаев көшесі, 38/61, "Жетісу" БО, 3-қабат, ішкі аула. Байланыс телефоны: +7 778 426 36 90; +7 702 633 90 38 Арзиева Адалят. Жарияланым күні: 14.11.2022
Сонымен қатар оқыңыз
Ликвидационная комиссия АО «AsiaCredit
Bank» объявляет о проведение 16 - го тендера по передаче в аренду недвижимого
имущества, принадлежащего Банку на праве собственности
Ликвидационная комиссия АО...
30.10.2024
24 сентября 2024 года ликвидационной
комиссией АО «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» (далее – Банк) осуществлена
выплата кредитору второй очереди реестра требований кредиторов Банка в сумме 48 500
000...
25.09.2024
|