№5 тендер қорытындысы туралы хабарлама

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 2015 жылы «03» тамызда, 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғ., 17/1 үй, 8 т/е.ж. мекенжайы бойынша өткізілген DLP және NGFW ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін сатып алу бойынша №5 ашық Тендер қорытындыларын жариялайды:


№5 Тендердің №1 Лоты DLP класының бағдарламалық қамсыздандыруы бойынша жеңімпаз деп McAfee DLP Appliance 5500 өнімін ұсынған, бір жыл техникалық қолдау көрсетуді есепке ала отырып, 28 000 000 (жиырма сегіз миллион) теңге (соның ішінде ҚҚС) мөлшеріндегі баға ұсынымымен «Пацифика» ЖШС жарияланды, орналасқан мекенжайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимерязев к-сі 42.


№5 Тендердің №2 Лоты NGFW бағдарламалық-аппараттық қамсыздандыруы бойынша жеңімпаз деп NGFW (Next Generation Fire Wall) өнімін ұсынған, бір жыл техникалық қолдау көрсетуді есепке ала отырып, 18 480 000 (он сегіз миллион төрт жүз сексен мың) теңге (соның ішінде ҚҚС) мөлшеріндегі баға ұсынымымен «ICORE-Integration» ЖШС жарияланды, орналасқан мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, 19 үй.

 
Жарияланым күні: 21.08.2015