Алдағы уақытта болатын №3 ашық тендер туралы хабарлама

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ келесі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға №3 Тендер өткізілетіні туралы хабарлайды: «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ технологиялық жабдығын жеткізу.

Тауар Алматы қ. Гоголь көш., 95/70 мекенжайына жеткізілуі тиіс:

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген тендерлік талаптарға жауап беретін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.

Тендерлік құжаттама топтамасын tender@asiacreditbank.kz  мекенжайы бойынша сайттан және электронды пошта арқылы алуға болады.

         Әлеуетті жеткізушілер Тендерге қатысуға Өтінімдерді сенімхатпен бірге тендерлік комиссия хатшысының өз қолына тапсырады.

 

         Тендерлік ұсыныстарды мөр басылған конвертке салып  ұсынудың соңғы мерзімі - 2016 жылғы «16» мамыр сағат 17:45 дейін, мекенжайы: 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғ., 17/1 үй, «Нұрлы Тау» БО, 5 қабат, В блогы.

Тендер 2016 жылғы «17» мамырда келесі мекенжай бойынша өтеді:

Қазақстан, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғ., 17/1 үй,  «Нұрлы Тау» БО, 5 қабат, В блогы (өткізілу орны өзгеруі мүмкін).  

Әлеуетті жеткізушілер Тендерлік Комиссияның шешімі бойынша Тендерді өткізу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы + 7 727 258 85 55 (ішкі 1837) телефоны бойынша алуға болады.

 

 

        Ескерту: Әлеуетті жеткізушіні іріктеу кезінде қызмет құнына басымдық беріледі. Баға ұсынысы өзгеруі мүмкін.

        Әлеуетті жеткізушілер тендерлік ұсыныстардың сканерленген нұсқасын (толтырылған тендерлік құжаттаманы) 2016 жылғы «17» мамыр сағат 15:00 дейін  tender@asiacreditbank.kz мекенжайы бойынша электронды поштаға жібере алады. 

Жүктеу

 
Жарияланым күні: 28.04.2016