Алдағы уақытта болатын №4 көпшілкке арналған ашық тендер туралы хабарландыру

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ мына тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алуға Тендер өткізілетіндігі туралы хабарлайды:

1 күнтізбелік жылға НРЕ құрылғысына техникалық қолдау бойынша қызмет көрсету кешені. Нақты ерекшелігі қысқаша техникалық талапта көрсетілген.

Қызмет көрсету Алматы қаласында жүзеге асырылады.

Талап етілген жеткізу (атқару, көрсету) мерзімі -2016 жылғы мамыр.

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген тендерлік талаптарға жауап беретін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.

Тендерлік құжаттама пакетін 2016 жылғы «06» мамырдан бастап 2016 жылғы «13» мамырға дейін және tender@asiacreditbank.kz. электронды пошта арқылы алуға болады.

Тендерге қатысуға өтінімді Жеткізуші тендерлік комиссия хатшысына сенімхат арқылы қолма қол тапсырады.

Алматы қаласы, 050059, Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 17/1-үйі, 8-т.е.ж. мекенжайы бойынша мөрмен бекітіліп жабылған конверттегі тендерлік ұсынысты ұсыну мерзімінің соңы - 2016 жылғы «16» мамыр сағат 17:45-ке дейін. 

Тендер 2016 жылғы «17» мамырда мына мекенжайда өткізіледі:

Қазақстан, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 17/1 үй, «Нұрлы тау» БО, 5-қабат, (өткізу орны өзгертілуі мүмкін) блогы.

Әлеуетті жеткізушілер Тендерлік комиссияның шешімі бойынша Тендерге қатыса алады.

 

Қосымша ақпарат пен анықтаманы + 7 727 258 85 55 (ішкі. 1666) телефоны бойынша алуға болады.

 

        Ескертпе: Әлеуетті жеткізушіні іріктеу барысында қызмет көрсету құнына басымдық беріледі. Баға ұсынысы өзгертіле алады.

Тендерлік ұсыныстың скан түрін (толтырылған  тендерлік құжаттаманы)  әлеуетті жеткізуші tender@asiacreditbank.kz электронды поштасы арқылы 2016 жылғы «17» мамырда сағат 15:00-ге дейін жібереді.

Жүктеу

 
Жарияланым күні: 05.05.2016