№11 Тендер қорытындысы туралы хабарлама

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 2017 жылғы «17» сәуірде, 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғ., 17/1, 8 т.е.ж. мекенжайы бойынша өткізілген серверлік жабдық жиынтығы – серверлік себет, деректерді сақтау жүйесін жеткізу бойынша №11 ашық тендер қорытындысын жариялайды.

1 лот «Себет пен HPE сервері» бойынша жеңімпаз деп, Алматы қ., Жамақаев көш., 258/22 үй мекенжайында орналасқан, баға ұсынымы ҚҚС есепке алғанда 46 493 200,00 (Қырық алты миллион төрт жүз тоқсан үш мың екі жүз) теңгені құрайтын  «Drakar» Сауда компаниясы» ЖШС танылды. Шарт бойынша есеп айырысу талаптары:  50% алдын ала төлем және 50% кейінгі төлем.

 

2 лот «Деректерді сақтау жүйесі» бойынша жеңімпаз деп, Алматы қ., Достық даңғ., 290 мекенжайында орналасқан, баға ұсынымы ҚҚС есепке алғанда 33 403 643,00 (Отыз үш миллион төрт жүз үш мың алты жүз қырық үш) теңгені құрайтын «Corporate Business Systems» ЖШС танылды. Шарт бойынша есеп айырысу талаптары:  50% алдын ала төлем және 50% кейінгі төлем.

 
Жарияланым күні: 28.04.2017